Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2152912
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік  «Ердоған: Түркия тартымдылық орталығы» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Мадридте Испания премьер-министрі Педро Санчеспен кездесті. Ердоған Испаниямен жақсы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуды қалайтындарын білдірді. Президент «Біз Испаниядан аймақтың тартымды орталығы саналатын Түркияға көбірек инвесторлар тартудамыз» деді.

Хүрриет газеті «Ердоған: Атысты тоқтату шешімі қағаз жүзінде қалмауы керек» атты хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Газадағы жағдайды мұқият қадағалап отырғандарын, әділ әрі тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ететін жоспарды құптайтындарын түсіндірді. Ердоған «Ең бастысы атысты тоқтату шешімінің қағаз жүзінде қалмауы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Израильге қысым жасауы керек» деді.

Сабах газеті  «Педро Санчестің Түркия мәлімдемесі» деген хабарға орын берген. Испания премьер-министрі Педро Санчес Испания мен Түркияның әр салада қарым-қатынасы ең керемет екі ел екенін айтты. Санчес «Түркия Испания үшін маңызды экономикалық серіктес және өз аймағындағы маңызды ойыншы» деді.

Стар газеті «Ұшқышсыз әуе аппараттарында  Түркиядан Испаниямен ықтымақтастық» атты хабар жариялаған. Отандық және ұлттық қорғаныс өнеркәсібінде халықаралық деңгейде танымал болған Түркия, әлемдегі алғашқы қарулы ұшқышсыз әуе аппаратынан  кейін Испаниямен де ұшқышсыз әуе аппараттар бойынша ынтымақтастық жасайды.

Йени Шафак газеті  «F-16 үшін қол қойылды» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрлігі ақпарат көздері АҚШ-тан сатып алынатын F-16 ұшақтары үшін келісім-шарттарға қол қойылғанын хабарлады. Қайнар көздер «Келісім-шарттарға қол қойылды, өзара делегациялар арасындағы келіссөздер арқылы олардың егжей-тегжейлері бойынша жұмыстар жалғасуда» деді.

Ватан газеті «Орталық банктің резервтері тарихи шыңда» атты хабар жариялаған. Орталық банктің резервтері өткен аптада 2,5 миллиард долларға өсті. Ол 146 миллиард 152 миллион доллармен тарихи шыңына жетті. Сәуір айының басынан бері қордың өсімі 71,5 миллиард долларға жетті.



Ұқсас жаңалықтар