Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2064172
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоғанның Палестина дипломатиясы» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған 17 қараша жұма күні Германияға ресми сапармен барады. Германия премьер-министрі Олаф Шольцпен кездесетін Ердоған мұндағы сапарында  Израильдің Палестинаға қарсы жасаған адамгершілікке жатпайтын шабуылдарын күн тәртіпке әкеліп, Израильдің шабуылдарына қарсы дауыс көтере алмайтын Еуропа елдеріне Берлиннен хабарламасын жеткізеді.

Хүрриет газеті «Афины мен Анкара арасындағы достық меморандумы» атты хабар жариялаған. Түркия мен Грекия арасындағы қалыпқа келу қадамдары жалғасып жатқанда, кеше Анкарада маңызды кездесу өтті. Түркия мен Грекия қорғаныс министрліктері арасындағы 4-ші сенім шаралары кездесуі Ұлттық қорғаныс министрлігінде өтті. Әскери және азаматтық делегациялар қатысқан кездесу 3 жылдан кейінгі алғашқы бетпе-бет бас қосу болды.

Ватан газеті  «AKSUNGUR қарулы ұшқышсыз әуе аппаратынан  жаңалық» деген хабарға орын берген. Түрік аэроғарыш өнеркәсібі (TUSAŞ) отандық және ұлттық ресурстармен әзірлеген «AKSUNGUR» қарулы ұшқышсыз әуе аппараты TUSAŞ Қозғалтқыштар өнеркәсібі тарапынан шығарылған TEI-PD170 отандық қозғалтқышы арқылы 30 мың фут биіктікке жетті.

Сабах газеті «Түркия туризмде 5-ші орында» атты хабар жариялаған. Халықаралық кеңес беру қызметі «Ernst & Young» компаниясының туризм бойынша жариялаған есебіне қарағанда Түркия 2022 жылы Франция, Испания, АҚШ және Италиядан кейін ең көп турист қабылдаған 5-ші ел болды. Стамбул келушілер саны бойынша соңғы 5 жылдың рекордын жаңартты.

Йени Шафак газеті «Әлемдегі ең үлкен авиация жәрмеңкесінде Түркия көзге түсті» деген хабарға орын берген. Түрлі саладан, әсіресе авиациядан көптеген түрік фирмасы әлемдегі ең үлкен авиациялық шаралардың бірі «Дубай Airshow 2023» көрмесінде ең озық өнімдерін таныстыруда.



Ұқсас жаңалықтар