Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

2048701
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Түркия араағайындыққа дайын» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыстарға қатысты «Әділ бейбітшіліктен ешкім ұтылмайды» деді. Ердоған Түркияның тараптар талап етсе, тұтқындарды айырбастауды қоса алғанда араағайындықтың барлық түріне дайын екенін айтты.

Стар газеті «Ердоған бейбітшілік үшін әрекет етуде» деген тақырып қолданған. Израиль мен Палестина арасындағы шиеленісті азайту үшін әрекетке кіріскен президент Ердоғанның бастамалары мен мәлімдемелері халықаралық баспасөзде кең резонансқа ие болды. Дүниежүзілік баспасөз Ердоғанның шиеленісті бәсеңдету үшін іске кіріскенін білдіріп, «Палестина мемлекетін кейінге қалдыруға болмайды» деген сөзіне тоқталды.

Сабах газеті «Ердоғанның телефон дипломатиясы» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Президент Ердоған Израиль-Палестина арасындағы шиеленісті тоқтату үшін бірқатар телефон дипломатиясы жүргізді. Израиль президенті Герцог және Палестина басшысы Аббаспен телефон арқылы сөйлескен Ердоған қақтығыстарды тоқтатып, тез арада тыныштық орнатуға шақырды. Ердоған Израиль мен Палестина арасындағы оқиғаларға байланысты Мысыр президенті Сиси, Ливан премьер-министрі Микати, Малайзия премьер-министрі Ибрахим және Катар әмірі Әл Танимен де телефон арқылы сөйлесті.

Хабер Түрік газеті «Түркия терроризммен күресуге табанды» деген хабар жариялаған. Президент Ердоған шекарада террор дәлізінің құрылуына ешқашан рұқсат бермейтіндерін айтты. Ердоған 1 қазаннан бері Ирак пен Сирияның солтүстігінде жүргізілген операциялар нәтижесінде барлығы 194 нысанның жойылып, 162 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

Йени Шафак газеті «Түркиядан Ауғанстанға көмек» атты хабарға орын берген. Түркия Ауғанстанда 2 мыңнан астам адамның өмірін қиған жер сілкінісінен кейін қозғалысқа өтті. Ұлттық Қорғаныс министрлігі қажетті гуманитарлық көмек материалдары мен жабдықтардың әскери жүк ұшағымен жіберілгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар