Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2045016
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Террориисттердің соңғы жанталасуы» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Анкарадағы опасыз лаңкестік шабуылға қатысты «Азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзуды көздеген опасыздардың өз мақсаттарына жетуіне әсте рұқсат бермейміз» деді. Ердоған екі қанішердің залалсыздандырылғанын және террористтердің соңғы жанталасуы екенін түсіндірді.

Стар газеті «Барша әлем Түркияға қолдау жайлы мәлімдеме жариялады» атты хабар жариялаған. Еуропа Одағы, Швеция, Италия, Мысыр, Иордания, Сауд Арабиясы, Пәкістан және Косово сынды елдер  Анкарадағы лаңкестік әрекетті айыптап, Түркиямен ынтымақтастық ішінде екенін жариялады. Түркиядағы шетелдік өкілдер де Түркиямен ынтымақтастық туралы мәлімдемелер жасады.

Сабах газеті «Ирактың солтүстігіне әуе операциясы» деген хабарға орын берген. Ирактың солтүстігіне жасалған әуе операциясында террор ұйымы PKK-ға тиесілі 20 нысан жойылды. Операцияларда көптеген террорист залалсыздандырылды.

Хабер Түрік газеті «Ердоған жаңа конституцияға баса назар аударды» атты хабар жариялаған. Президент Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің заң шығару жылының ашылу жиналысында сөз сөйледі. Жаңа конституцияға тоқталған Ердоған «Біздің міндетіміз жаңа және азаматтық конституция жасау. Біз барлық партияларды, депутаттарды және әлеуметтік сегменттерді жаңа конституция шығаруға үлес қосуға шақырамыз» деді.

Хүрриет газеті «Түркия Швецияға тағы да ескерту жасады» деген хабарға орын берген. Вице-президент Джевдет Йылмаз «Швеция Анкараның НАТО мүшелігіне қолдауын алу үшін терроризммен күресте қарқынды қадам басуы керек» деді. Бұл мәлімдемеден кейін Швеция  баспасөзі «Түркия Швецияға тағы бір рет ескерту жасады» деген тақырыппен оқырмандарына жеткізді.

 



Ұқсас жаңалықтар