Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2039837
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Қауіпсіздік кеңесі бес елдің саяси стратегияларының қақтығыс алаңына айналды» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде 78-ші Бас Ассамблеясында үн қатты. Ердоған «Қауіпсіздік кеңесі енді әлемнің кепілі болудан қалып, бес елдің саяси стратегияларының қақтығыс алаңына айналды» деді. Ердоған БҰҰ-ның басшылығында әлемнің қауіпсіздігін, тыныштығын қамдауға міндетті мекемелерді жылдам қайта құру керектігін атап көрсетті.

Стар газеті «Түркиядан Қарабахтағы әскери операция туралы мәлімдеме» атты хабар жариялаған. Түркия бауырлас Әзербайжанның Қарабахта бастаған лаңкестікпен күрес операциясына қатысты мәлімдеме жасады. Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде «Әзербайжан өз егемендігі аумағында қажет деп қараған шараларды қабылдауға мәжбүр болды» делінген.

Сабаз газеті ««Түркия ғасыры»  Нью-Йорк қаласында таныстырылды» деген хабарға орын берген. Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының үйлестіруімен Республиканың 100 жылдығына арналған шаралар аясында «Түркия ғасыры» Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында таныстырылды.

Хүрриет газеті «ЭЫДҰ түрік экономикасының өсу күтуін 3,6 пайыздан 4,3 пайызға арттырды» атты хабар жариялаған. ЭЫДҰ қыркүйек айындағы экономикалық болжам есебін жариялады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) түрік экономикасының өсу күтуін 3,6 пайыздан 4,3 пайызға арттырды.

Хабер Түрік газеті «Түркиядан 85 миллион 386 мың долларлық булгур экспорты жасалды» деген хабарға орын берген.Түркиядан қаңтар-тамыз айларында 85 миллион 386 мың долларлық булгур экспорты жасалды. Булгур экспортында Ирак бірінші, Ресей екінші, Сирия үшінші орында.



Ұқсас жаңалықтар