Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2025769
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Елімізге инвестиция салғандарды қолдаймыз» деген тақырып қолданған.  ТР Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек Түркияда инвестициясы бар Жапонияның беделді компанияларының басшыларымен бас қосты.  Шимшек «Елімізге инвестиция салған,  жұмыспен қамтыған және үлес қосқан барша серікке қолдау білдіреміз» деді.

Сабах газеті «Түркия көптеген елден ерекшеленді» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, вице-президент Джевдет Йылмаз «Жер сілкінісі апатына қарамастан Түркия экономикасы 2023 жылдың алғашқы тоқсанында 4 пайыз өсті» деді.  Йылмаз Түркияның мықты өндіріс және экспорт қабілетімен басқа көптеген елден ерекшеленгенін білдірді.

Йени Шафак газеті «Биржаға қызығушылық» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда жаңа экономика басшылығы міндетке келгеннен кейін қалыптасқан жағымды атмосфера биржаға да әсер етті.  Биржада инвестор саны 5 миллион 630 мың 160 болды.  Бұл -  рекорд жаңалау.  Соңғы 15 күнде 537 мың жаңа инвестор келген.

Стар газеті «Түркия қиыншылықты еңсерді» деген тақырып қолданған.  Түркияның соңғы кезде басқан экономикалық қадамдары өзімен бірге табыс та ала келді.  Түркияның табысты қадамдары несие бағаландыру ұйымы «Moody's-ті» жағымды шешім қабылдауға итермеледі. Осы ұйымның шешімі басқа ұйымдарға да әсер етеді.

Хүрриет газеті «Түрік әлемінің Жедел медициналық құтқару бөлімшесі құрылады» деген хабар жариялаған. ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түрік әлемі жедел медициналық құтқару бөлімшесі жүзеге асырылатынын хабарлады.  Министр осыған байланысты алғашқы жаттығулардың алдымыздағы ай Измир қаласында басталатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар