Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2013373
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркия мен Катар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 50 жылдығына орай ортақ  хаттама жарияланды» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Катарға барды. Катарда Түркия мен Катар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 50 жылдығына орай ортақ хаттама жарияланды.  Түркия мен Катар арасындағы берік қарым-қатынасқа назар аударылған хаттамада ынтымақтастық пен бауырластық баса айтылды. Хаттамада ынтымақтастық деңгейін арттыруға бағытталған 100-ге жуық құжатқа қол қойылғаны білдірілді.

Хабер Түрік газеті «Еліміз бен түрік инженерлері үшін мақтаныш болды» атты хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед Бин Селманның президент Режеп Тайып Ердоған сыйға тартқан Түркияның отандық "TOGG" көлігін ұнатқанын білдірді. Ханзада Селманның "TOGG" көлігін ұнатқанын баса айтқан Кажыр «Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед Бин Салман президент сыйға тартқан көлікті өзі жүргізді. Мұрагер ханзаданың білдірген ризашылығы еліміз бен түрік инженерлері үшін мақтаныш болды» деді.

Стар газеті “«Bayraktar AKINCI» Сауд Арабиясының аспанында ұшады’’ деген хабарға орын берген. Bayraktar мен Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігі арасында «Bayraktar AKINCI TİHA» (Ұшқышсыз жойғыш аппараты) экспорт және ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.  ​​«BayraktarAKINCI TİHA» ұшқышсыз жойғыш аппараттары Сауд Арабиясы Корольдігінің Әуе және Әскери-теңіз күштері қолбасшылығында қызмет етеді.

Йени Шафак газеті «Сауд Арабиясына рекордтық экспорт» атты хабар жариялаған. Түркияның Сауд Арабиясына кілем сынды сектор экспорты осы жылдың  бірінші жартысында 1 миллиард доллардан асты.

Хүрриет газеті «Түркия мен Ұлыбритания арасындағы еркін сауда келіссөздері басталды» деген хабарға орын берген. Сауда министрлігі Түркия мен Ұлыбританияның сауда серіктестігін қайта қарастырып, кең ауқымды еркін сауда келісімі үшін келіссөздерді бастағанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар