Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2008330
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Швеция жайлы мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Бельгияның астанасы Брюссельде өткізген баспасөз мәслихатында Швецияның НАТО-ға мүшелік өтінішіне қатысты «Заңнамалық өзгерістер жеткіліксіз. Швеция терроризммен күресте берік ұстанымда болуы керек» деді.

Сабах газеті «Ердоған Жапония Премьер-министрі Фумио Кисидамен сөйлесті» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Жапония премьер-министрі Фумио Кисидамен телефон арқылы сөйлесті. Президент Ердоған телефондағы әңгімеде Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданы Түркияға шақырды.

Йени Шафак газеті  «794 террорист залалсыздандырылды» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрлігі 1 қаңтардан бері лаңкестікпен күресте 19-ы ауқымды 320 операция жүргізіліп, 794 террорист залалсыздандырылғанын хабарлады.

Стар газеті «Стамбул  әуежайы “Ең жақсы тікелей байланысы бар әуежайлар’’ арасында бірінші орында» атты хабар жариялаған. Халықаралық Еуропалық Әуежайлар Кеңесінің (ACI Europe) 2023 жылғы әуе қатынасының трендтері есебіне сәйкес Стамбул әуежайы еуропалық әуежайлар арасында ең жақсы тікелей қатынасты ұсынатын әуежайлар арасында бірінші орынды иеледі.

Хабар Түрік газеті «Реал Мадрид Арда Гүлдердің ұсынысын қабылдады» деген хабарға орын берген. Әлемдік алпауыт Реал Мадрид Фенербахчеден Арда Гүлдерді трансфер еткенін ресми түрде жариялады. Бірнеше күннен бері жалғасып келе жатқан трансферлік бәсекенің жеңімпазы Мадрид өкілі атанды.



Ұқсас жаңалықтар