Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2002394
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: Біз босқындардың өз еркімен оралуын қолдаймыз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған әрқашан адамгершілік және көршілестік парызын орындаған Түркияның босқындардың отандарына аман-есен, ерікті және абыроймен оралуын қолдағанын және бұл үшін қажетті жобаларды жүзеге асырғанын білдірді.

Ватан газеті «Ердоған  Батыс елдерінің  нәсілшіл әрекетіне наразылық білдірді» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Ердоған Батыс елдерінде тамыр тартқан соң улы шырмауық сияқты басқа қоғамдарға тараған босқындарға қарсы өшпенділік сөз-сөйлемдерін, неонацистік идеологияны, Исламофобия мен шетелдіктерге дұшпандықпен қарауды қабылдамайтындарын баса айтты.

Стар газеті «Неміс террористі Томас залалсыздандырылды» деген хабарға орын берген. Түрік Қарулы Күштері Ирактың солтүстігінде өткен аптада залалсыздандырған PKK террористтерінің бірі Германия азаматы екені белгілі болды. Залалсыздандырылған террористтің неміс текті Томас екені білдірілді.

Сабах газеті  «PKK-ның Германиядағы базасы» атты хабар жариялаған. Германия Федералдық Конституцияны қорғау ұйымының  деректеріне қарағанда террор ұйымы PKK Германиядағы 14 мың 500 мүшесімен экстремистік шетелдік ұйымдар арасында бірінші орынды жалғастыруда.

Йени Шафак газеті «Арда Гүлдерге үлкен құрмет» деген хабарға орын берген. Италияда шығатын «Tuttosport» газеті жыл сайын 21 жасқа толмаған футболшыларға арнап ұйымдастыратын «Golden Boy» (Алтын бала) сыйлығына үміткерлер белгілі болды. Түркияның Фенербахче клубында өнер көрсеткен 18 жастағы ұлттық футболшы Арда Гүлер Еуропаның ең үздік жас футболшысына берілетін «Алтын бала» сыйлығына ұсынылды.



Ұқсас жаңалықтар