Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2001939
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Джевдет Йылмаз: Кипр түріктері шектемелерді бұзады» деген хабарға орын берген. Вице-президент Джевдет Йылмаз Солтүстік Кипр Түрік Республикасы сапары аясында Президент Эрсин Татармен кездесті. Джевдет Йылмаз Президент Эрсин Татармен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді. Йылмаз мәлімдемесінде Кипр түріктерінің Түркия ғасырында жылдар бойы осы территорияда жасалған шектемелерді бұзып, әлемге ашылатынын айтты.

Хүрриет газеті «Сыртқы істер министрлігі Израильге наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрлігі Израиль билігі тарапынан Батыс Шерияның кемінде 19 қаласында 4500 жаңа заңсыз елді мекен салу жоспарын айыптады.

Йени Шафак газеті  «Жаңа Ұшқышсыз әуе аппараты алғаш рет көрсетілді» деген хабарға орын берген. Ұшқышсыз әуе аппараты Францияның астанасы Париждегі «Airshow» көрмесінде көрсетілді. Ұшқышсыз әуе аппараттары арқылы қару-жарақ пен оқ-дәріден жанармайға, құрал-жабдықтардан азық-түлікке дейін әртүрлі қажеттіліктер майданға ауадан  жылдам, қауіпсіз және төмен бағамен жеткізіледі.

Хабер Түрік газеті «Қытай өндірушісінен Түркияға аккумулятор инвестициясы» атты хабар жариялаған. Қытайдың «Skywell» маркалы электромобиль өндірушісі «Skyworth» Түркияда аккумуляторларға инвестиция салатынын мәлімдеді.

Стар газеті «Ұлттық құрама матчтың көшбасшысы» деген хабарға орын берген. Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде «D» тобына енген ұлттық құрама Уэльс құрамасын жеңіп, көшбасшылық орнын сақтап қалды. «D» тобында Түркия Уэльс матчында көрермендер алдында 2-0 есебімен жеңіске жетті. Ұпайын 9-ға көтерген Түркия көшбасшылығын жалғастырды.



Ұқсас жаңалықтар