Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1998910
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хабер Түрік газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Грекиямен қарым-қатынасындағы жол картасының бейбітшілікке арналғанын айтты. «Біз Эгей теңізінің әлемде бейбітшілік теңізі болуын қалаймыз», - деді Ердоған.

Хүрриет газеті «Үстелге қайта оралу үшін Солтүстік Кипрді мойындау керек» деген хабар жариялаған. Президент Ердоған Кипрдің ежелгі және маңызды бөлшегі Кипр түріктерінің аралда азшылық емес екенін және ешқашан болмайтынын білдірді. Ердоған «Егер келіссөз үстеліне қайта оралу керек болса, мұның жолы Солтүстік Кипр Түрік Республикасын мойындау» деді.

Ватан газеті  «Татар Кипрдегі тең мәртебеге баса назар аударды» деген хабарға орын берген. СКТР президенті Ерсин Татар президент Ердоғанның СКТР-на әрқашан қамқорлық жасағанын және мұның оларға күш беретінін айтты. Кипрде екі бөлек халық бар екенін білдірген Татар «Аралда тек егемендік теңдік пен тең мәртебенің қабылдануы негізінде ғана келіссөз өткізіледі» деді.

Йени Шафак газеті  «Германия баспасөзінен Ердоғанға мақтау» деген тақырып қолданған. Германия мемлекеттік арнасында президент Ердоғанның басшылығы талқыланды. «ZDF» арнасының модераторы Маркус Ланц түрік қарулы ұшқышсыз ұшатын аппараттары  барлық жерде, Сирия, Ирак, Ливия, Әзербайжан, Украинада ұшатынын айтты. Басқаша айтқанда Ердоған барлық жерде екенін айтты.

Стар газеті «Түркия аймақтың билеушісі болды» деген хабарға орын берген.

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) орналасқан «Breaking Defence» веб-сайты Түркияның АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басым қорғаныс экспорттаушысы позициясын тартып алуда екенін жазды. Мақалада Малайзияда өткен «LIMA 2023» қорғаныс жәрмеңкесінде ең көп назар аударған елдің Түркия екені баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар