Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1987077
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Йенер:Түркиядағы сайлау екінші турға қалды» деген хабарға орын берген. Кеше өткен президенттік және 28-ші кезең парламенттік сайлауында президенттікке үміткерлердің ешқайсысы жеткілікті дауыс жинай алмағандықтан жарыс екінші турға қалды. Жоғары сайлау комиссиясы төрағасы Ахмет Йенер кандидаттардың президенттік сайлауда жеңіске жете алмағанын және сайлаудың екінші кезеңін 28 мамыр жексенбі күні өткізуге шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Стар газеті «Түркиядағы сайлау әлем баспасөзінде кең орын алды» атты хабар жариялаған. Түркияда жексенбі күні өткен президенттік және 28-ші кезең парламенттік сайлауы әлем баспасөзінде кең орын алды. Еуропадағы көптеген хабар тарату ұйымдары мен газеттер сайлаудың тамырын ұстып оқырмандарына хабарлады. 85 пайыздан асқан жоғары қатысу көрсеткішіне назар аударып, түрік сайлаушылардың сайлау жәшігіне көрсеткен қызығушылығына назар аударды.

Ватан газеті «АҚШ: Талаптарын сайлау жәшігіне бейбіт түрде қойған түрік халқын құттықтаймыз» деген хабарға орын берген. Президенттік және 28-ші кезең парламенттік сайлауының бірінші туры аяқталған кезде, АҚШ сайлауға байланысты мәлімдеме жасады. АҚШ әкімшілігі Джо Байденнің жеңімпаз кім болса да бірге жұмыс істеуді асыға күтетінін хабарлады.

Хабер Түрік газеті «Түркиядағы сайлауға байланысты Кремльден алғашқы мәлімдеме» атты хабар жариялады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков елі мен Түркия арасында көптеген салада жасалған ынтымақтастық себепті Түркиядағы сайлауды қызығушылықпен қадағалағандарын білдірді. Песков «Біз түрік халқының таңдауын құрметтейміз. Дегенмен қалай болғанда да ынтымақтастығымыз жалғасады, тереңдей түседі және кеңейеді деп күтеміз» деді.

Хүрриет  газеті «Еуроодақтың Түркиядағы сайлауға қатысты алғашқы мәлімдемесі» деген хабарға орын берген. Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен сайлау туралы мәлімдемесінде «Сайлауға жаппай қатысудың көп болуын жақсы жаңалық деп ойлаймын» деді. Ляйенмен бірге баспасөз мәслихатын өткізген Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель «Нәтиженің қандай болатынын мұқият қадағалаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар