Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1973647
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған сайлау манифестін жариялады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясының (АК партия) сайлауалды манифестін жариялады. Сәйкесінше биылғы жылдың шілде айында да ең төменгі жалақы көтеріледі. Жаңадан отау құрғандарға екі жылға пайызсыз некеге тұру несиесі беріледі. Үй шаруасындағы әйелдерге зейнетке шығу мүмкіндігі беріледі. 2028 жылы экспорт кем дегенде 400 миллиард долларға дейін өседі.

Йени Шафак газеті «Түркияны дамытуды жалғастырамыз» деген хабар жариялаған. Президент Ердоған экономика, инвестиция, жұмыспен қамту, өндіріс, экспорт және ағымдағы шоттың профициті арқылы өсуді жалғастыратынын айтты. Жалақыларын инфляция деңгейінен жоғары көтеріп, қызметкерлердің әл-ауқатын әрдайым арттыратындарын атап көрсеткен Ердоған «5 жылда 6 миллион жаңа жұмыс орны ашамыз, жұмыссыздық деңгейін 7 пайызға дейін төмендетеміз» деді.

Хүрриет газеті «Зілзала аймағындағы алғашқы үйлер мерекеде тапсырылады» деген хабарға орын берген. Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курум 6 ақпандағы жер сілкінісінде қираған үйлердің орнына жаңасын салуға уәде бергендерін еске салып, «11 өңірге берген уәдемізде тұрамыз» деді. Министр  зілзала аймағындағы алғашқы үйлердің 21 сәуірде басталатын Ораза айтта тапсырылатынын айтты.

Стар газеті «Әлем TCG Anadolu» туралы айтып жатыр» деген хабар жариялаған. Әлемдегі алғашқы қарулы ұшқышсыз әуе көлігі кемесі және Түркияның ең үлкен әскери кемесі «TCG Anadolu» әлемдік баспасөзде кең орын алды. «Bloomberg» «Ердоған өзінің әскери қуатын көрсетті» десе, «Gulf News» «TCG Anadolu» ұшқышсыз ұшақ мүмкіндіктерін көрсетті» деді. «Брюссель таймс» газеті «Түркияның алғашқы жауынгерлік ұшқышсыз ұшақ тасығышы қызметке кірді» деген тақырып қолданған. «Middle East Eye» «TCG Anadolu» ойынды өзгерткенін айтты.

Ватан газеті «Туризмде тарихи рекорд» деген хабар жариялаған. Жыл сайын ондаған елден миллиондаған турист қабылдайтын туризм қаласы Анталия бірнеше күн бұрын өткен жылдың 23 сәуірінде жеткен 1 миллион турист көрсеткішінен асты. Осы уақытқа дейін Анталияға келген турист саны өткен жылмен салыстырғанда 60 пайыз артып, 1 миллион 72 мың 742 болды. Анталия туризм тарихындағы ең жақсы қаңтар, ақпан, наурыз және сәуір айларын бастан өткерді. Анталия үшін 17 миллион турист мақсаты орындалады деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар