Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1973075
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Мақтанатын жетістік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Түркияның ең үлкен әскери кемесі «TCG Anadolu»-ны пайдалануға беру рәсімінде үн қатты. Ердоған «Түркияның өз кемесін жобалайтын, жетілдіретін, өндіретін 10 елдің бірі болуы жай сөз емес, мақтанатын бір жетістік» деді.

Ватан газеті «Акар: Түркияның күшін арттырады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда теңіз күштері қолбасшылығына тапсырылған «TCG Anadolu» туралы мәлімдеме жасаған Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар кеменің Түркияның күшін арттыратынын білдірді.

Стар газеті «Варанк: Әлемнің түкпір-түкпірінен қалаған бейнекөріністі түсіре алатын боламыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түркияның отандық және ұлттық құралдармен өндірген алғаш бақылау жер серігі «IMECE» арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен қалаған көріністі алуға болатынын айтты. Министр Варанк «IMECE түрік армиясының ғарыштағы көзі болады» деді.

Хүррийет газеті «Чавушоғлу: Маңызды саммит мамыр айында Мәскеуде өтуі мүмкін» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше өзі қатысқан тікелей эфирде төрттік форматтағы Сирия саммитінің мамыр айының басында Мәскеуде өткізілуі мүмкін екенін айтты.

Хабер түрік газеті «Қаратеңіздің шығыс аймағынан 3 айлық лосось экспорты 23,1 миллион долларды құрады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қаратеңіздің шығыс аймағынан лосось экспорты қаңтар-наурыз кезеңінде 354 пайыз өсіп, 23 миллион 72 мың 751 долларға жетті.



Ұқсас жаңалықтар