Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1971334
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Израильге наразылықтар» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, саясат қайраткерлері Израильдің түн ортасында Газаға жасаған шабуылына реакция білдірді. Парламент спикері Мұстафа Шентоп «Израильдің бұл адамшылыққа жатпайтын және заңсыз шабуылын  айыптаймын» деді. Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын шабуылды айыптап, «Израиль үкіметі бірнеше күн бойы әдейі жүргізген зорлық-зомбылық саясатын дереу тоқтатуы керек» деді. Әділет және даму партиясы (АК партия) төрағасының орынбасары Нуман Куртулмуш «Израиль террор мемлекетін дереу тоқтату керек!» деді.

Ватан газеті  «Министр Акар америкалық әріптесімен сөйлесті» деген хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Джеймс Остинмен телефон арқылы сөйлесті. Телефон әңгімесінже Акар АҚШ-қа жер сілкінісі апатынан кейін көрсеткен қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтты. Акар сонымен қатар НАТО-ның әрқашан «Ашық есік» саясатын қолдайтынын, Финляндияның мүше болуының осыны тағы бір рет көрсеткенін және Швецияның өз міндеттемелерін мүмкіндігінше тез орындайтынына үміттенетінін атап өтті.

Сабах газеті «Емине Ердоған: Біз бұл үрдіске төтеп бере алмаймыз» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоғанның демеушілігімен жүргізілген «Нөлдік қалдық» жобасының шабыт беретін хикаясы кітапқа айналды. Бірінші ханым Ердоған кітаптың алғысөзінде «Жоғалып бара жатқан нәрсе – біздің балаларымыз бен немерелеріміздің әлемі. Ешқайсымыз бұл үрдіске көрермен ретінде қарай алмаймыз» деп жазды.

Стар газеті «Түркия 2028 және 2032 Еуропа чемпионаттарын өткізуге үміткер» деген хабарға орын берген. Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоглу Түркияның 2028 және 2032 жылдары өтетін Еуропа футбол чемпионаттарын өткізуге кандидаттық құжатқа қол қойды. Кандидат файлын Түркия футбол федерациясы (TFF) 12 сәуірде УЕФА-ға тапсырады.

Йени Шафак газеті «Түркияның ең үлкен әскери кемесі міндетке ​​дайын» деген хабарға орын берген. Түркияның ең үлкен әскери кемесі болатын «TCG Anadolu» дүйсенбі күні Әскери-теңіз күштері қолбасшылығына тапсырылады. «TCG Anadolu» түрік әскери-теңіз күштері үшін маңызды қуат болады, оған қарулы ұшқышсыз ұшу аппараттары орналастырылады.



Ұқсас жаңалықтар