Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2189619
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті  «Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан: Иордания мен Мысырда да соғыс қаупі бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ливандағы шабуылдарға қатысты Хакан Фидан «Израильдің Ливанға бағытталған шабуылдарын кезең-кезеңімен күшейте бастағанын көреміз» деп, Иордания мен Мысыр және түгел аймақты қамтитын соғыс қаупі әрқашан бар екенін, мұны Нетаньяхуның жүзеге асыруға бел буғанын атап өтті.

Хабер Түрік газеті «Түркияның алғашқы қалқымалы өндірістік платформасы Чанаккалеге жетті» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның алғашқы қалқымалы өндірісі және сақтау, эвакуация платформасы Чанаккалеге келді. Сакария газ кен орнында 2026 жылы іске қосылып, күніне 10 миллион текше метр табиғи газ өңдейтін платформа бір өзі 4 миллион үйдің газ қажеттілігін қанағаттандырады.

Йени Шафак газеті  «Англиядан Түркия есебі » атты хабарға орын берген. Лондонда орналасқан «Ember» халықаралық энергетика сараптама орталығының есебінде «Түркия өткен жылмен салыстырғанда күн энергиясы қондырғыларын орнатуды ең көп жылдамдатқан елдердің қатарында» деп айтылған.

Сабах газеті «Әлемнің үздік 100 қаласы тізімінде Түркияның 3 қаласы бар» деген тақырыпта хабар жариялаған. Ұлыбританияда орналасқан «Euromonitor» зерттеу компаниясы «Әлемдегі ең үздік 100 қала» тізіміне Түркияның 3 қаласын енгізді. 20,2 миллион турист  қабылдаған Стамбул әлемнің ең танымал туристік нүктесі болды. Тізімде Анталия және Мугланың Бодрум ауданы да бар.

 Хүррийетгазеті «Түрік Әуе жолдары  жолаушыларына «әлемнің алғашқы нанын» ұсынады» деген хабар жариялаған. Түрік Әуе жолдары (THY) 22 қыркүйекте АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына ұшатын жолаушыларға Шанлыурфаның Гөбеклитепе аймағының бидайынан жасалған «әлемдегі алғашқы нан» деп сипатталған  нанды ұсынады.



Ұқсас жаңалықтар