Түрік баспасөзіне шолу
Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.
Стар газеті «Ердоған БҰҰ Бас ассамблеясында 14-ші рет үн қатады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған 24 қыркүйек сейсенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясында 14-ші рет үн қатады. Баяндамасының негізгі күн тәртібін Израильдің Газа секторына жасаған геноцидтік шабуылы құрайды. Президент Ердоған халықаралық қауымдастықты Израильдің шабуылдарына қарсы тұруға шақырады.
Сабах газеті «Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысының әкімшілік және саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Бассты қабылдады» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше АҚШ Мемлекеттік хатшысының әкімшілік және саяси мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Джон Басспен кездесті.
Хабер түрік газеті «Қызыл және сұр санатта іздеуде жүрген лаңкестер залалсыздандырылды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Али Йерликая кеше жасаған мәлімдемеде «қызыл» санатта іздеу салынған террористтер тізімінде «Хебун Пиро Амед» лақапты Зырав Таш пен «сұр» санаттағы «Ботан» лақапты Фехми Башкурттың залалсыздандырылғанын атап көрсетті.
Хүррийет газеті «TIME журналының әлем алпауыттары тізіміне төрт түрік компаниясы енді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда әлемнің ең беделді саясат журналдарының бірі «TIME» дайындаған «Әлемнің үздік компаниялары - 2024» тізіміне Түркиядан төрт компания енді. Sabancı Holding 405-ші орыннан тізімге кірсе, түрік компаниялары арасында бірінші орынды алды. Тізімде Koç Holding 499-шы, Akbank 820-шы, Энка 887-ші орынды иеледі.
Ватан газеті «Анталия әуежайында жолаушы қозғалысы рекорды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда туризмде биыл барлық замандардың рекордын жаңартқан Анталия тамыз айының аяғында 11,7 миллион шетелдік туристті қабылдады. Анталия әуежайының жалпы жолаушы тасымалы 26 миллион 628 мыңнан асты.