Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.
Хабер Түрік газеті «Ердоған жасанды интеллект өнімі «Бойкот» әнімен Палестинаға қолдау көрсетті» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған жасанды интеллектпен жасалған «Бойкот» әнін жариялап, Палестинаға қолдау көрсетті. Ол «Палестиналықтардың асыл және абыройлы тойтарысына әрқашан қолдау береміз» деді.
Ватан газеті «Түркия ұшқышсыз әуе аппараттары нарығында жетекші ел болды» деген хабарға орын берген. Соңғы жылдары әлем армияларының «TB2», «Akıncı» және «ANKA» сияқты түрік ұшқышсыз ұшақтарына деген қызығушылығы артты. «Жаңа Америка Қауіпсіздік Орталығы» жүргізген зерттеулер Түркияның 2021 жылдан бері қарулы ұшқышсыз әуе көлігі индустриясында жетекші ел екенін көрсетті.
Стар газеті «Starlink-ке түрік бәсекелес келеді» деген хабарға орын берген. «Байкар» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Селчук Байрактар Илон Масктың «Starlink» жобасындағы сияқты «ұлттық GPS» үшін орбитаға спутник жіберетіндерін жариялады. Барлығының дайын екенін айтқан Байрактар «Нысана 100 спутник» деді.
Хүрриет газеті «Түрік поштасы әлемдегі 210-нан астам нүктеге аударым жібереді» деген хабар жариялаған. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу «PTT» (Пошта және телеграф ұйымы) әлем бойынша 210-нан астам нүктеге халықаралық пошта және жүк жіберетінін айтты.
Йени Шафак газеті «Түркияның ең үлкен көліндегі ең үлкен жаңалық» деген хабарға орын берген. Бұрын шамамен 18 метр болатын әлемдегі ең үлкен микробиалит анықталған Ван көлінде жаңалық ашылды. Бұл жолы ұзындығы 34 метр 60 сантиметр болатын микробиалит табылды.