Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.
Хүрриет газеті "Түркия құрылыс секторында екінші орын алады" деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның ең күшті секторларының бірі құрылыс екенін айтты. Ол «Қытайдан кейін компания саны бойынша 2-орындамыз» деді.
Йени Шафак газеті «Түрік өнімдері бармаған ел қалмады» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Президент Ердоған экспорттағы жетістіктерге тоқталды. Енді түрік өнімдері бармаған ел қалмағанын атап өткен ол «Экспортты 36 миллиард доллардан 256 миллиард долларға дейін ұлғайттық» деді.
Хабер Түрік газеті "Түркия мен Швеция арасындағы Қауіпсіздік Механизмі кездесуі кейінге қалдырылды" деген тақырып қолданған. Түркия мен Швеция арасындағы кеше Анкарада өтуі тиіс болған Қауіпсіздік Механизмі кездесуі Швеция министрлері отырған ұшақтың бұзылуына байланысты кейінге қалдырылды. Швеция Сыртқы істер министрлігі кездесудің жаңа уақытын хабарлайтынын білдірді.
Ватан газеті "Түркияның Израиль үшін кеден жүйесі жабық" Сауда министрлігі Израильге қатысты экспорт-импорт үшін тіркелген ешқандай кедендік декларация немесе Израильден елімізге жеткен ешқандай жөнелтім жоқ екенін мәлімдеді. Министрлік «Израильге үшін кеден жүйесі жабық» деп мәлімдеді.
Стар газеті "Түркия мен Мысыр арасындағы жақындасу Ливия үшін де мүмкіндік" деген хабар жариялаған.
Ливия Өкілдер Мәжілісінің Төрағасы Акила Салих өз еліндегі дағдарысты шешу үшін Түркия мен Мысыр арасындағы жақындасуды мүмкіндік деп санайтынын айтты. Салих сондай-ақ Түркия-Мысыр жақындасуы Ливиядағы шетелдік күштердің кетуін жеңілдететінін атап өтті.