Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1949214
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Қалаларымызды қайта көтереміз» деген тақырыппен хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккен Хатайда болды.  Ердоған қалалардың барлығын тұрғын үйі, жұмыс орны, өнеркәсібі, егіншілігі, тарихы және мәдени құндылықтарымен бірге қайтадан көтеретіндерін айтты.  «Ешбір азаматымызды өмірін қайта қалпына келтіру және болашағын құруда жалғыз тастамаймыз» деді ол.

Сабах газеті «Түріктер жылдам еңсереді» деген хабар жариялаған.  Кахраманмарашта болған жер сілкінісінен кейін халықаралық көмек науқаны жалғасып жатыр.  Көмекке келген шетелдік топтар әрі Түркияның жылдам жинақталуын, әрі түрік халқының қонақжайлығын мақтады. Түркияға келген Пәкістан «Al Khidmat» фонды құрамындағы Сарфараз Шаих «Түріктердің тез жинақталу қабілеті бар» деді.

Стар газеті «Грекиядан шақыру» деген хабар жариялаған.  Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиас Еуропа Одағы ретінде Түркияға қолдау беру керектігін білдірді.  Дендиас Кахраманмараш жер сілкінісі туралы «Өте үлкен апат. Көп көмек пен қолдау керек» деді.

Хүрриет газеті «F-16 процесінің жылдам аяқталуы – екі жаққа да пайдалы» деген хабарға орын берген.  Америкалық әріптесі Энтони Блинкенмен Анкарада ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу F-16 әскери ұшақ тақырыбында Америка Құрама Штаттары басшыларының талапқа қолдау білдіргенін айтты.  Процестің жылдам аяқталуының екі жаққа да пайдалы болатынын атап көрсетті.

Ватан газеті «Стамбул әуежайы – Еуропада бірінші» деген хабарға орын берген.  Стамбул әуежайы 13-19 ақпан күндерінде күніне 1280 рейспен Еуропаның ең көп жұмыс істеген әуежайы атанды. Стамбул әуежайынан кейін бір күнде орташа 1152 рейспен Лондон «Heathrow» әуежайы екінші, Париждегі «Charles de Gaulle» әуежайы 1121 рейспен үшінші, Амстердам әуежайы 1051рейспен төртінші орынды алды.

 



Ұқсас жаңалықтар