Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1947197
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Түркия бір жүрекке айналды» деген хабар жариялаған. Түркия «Ғасыр апатының» жарасын таңу үшін бір жүрекке айналды. Телеарналардың ортақ тікелей эфирінде ұйымдастырылған «Түркия бір жүрек» акциясында зілзаладан зардап шеккендерге 115 миллиард лирадан астам көмек жиналды.

Хабер Түрік газеті  «Қайырымдылық рекорды» деген хабарға орын берген. Түркияның жүрегінде терең жаралар қалдырған ғасырдың ең үлкен жер сілкінісі апаты болған осы күндері қайырымды жандар бір эфирде бас қосты. Өнер, бизнес және спорт әлемінің жетекші тұлғалары мен халық өкілдері жер сілкінісі құрбандарына қолдау көрсетті. Орталық банк 30 миллиард лирамен ең үлкен қайырымдылықты жасады. Жиналған қайырымдылық сомасы 115 миллиард 146 миллион 528 мың лира, SMS хабарламасы арқылы да  9 миллион 10 мың лира жиналды.

Сабах газеті  «Жаңа тұрғын үйлер наурыз айында салынып басталады» деген хабарға орын берген. Кахраманмараштағы жер сілкінісі кезінде ондаған мың адам қаза тауып,  мыңдаған үй мен жұмыс орны жарамсыз болып қалды. Әлем «ғасыр апаты» деп атаған осы апаттан кейін аймақта президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен наурыз айында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталады.

Стар газеті  «Украина командасы жер сілкінісі аймағында» деген тақырып қолданған. Түркиядағы жер сілкіністерінен кейін жер сілкінісі аймағындағы іздеу-құтқару жұмыстарына әлемнің түкпір-түкпірінен құтқарушылар қатысуда. Украина құтқару тобының басшысы Константин Силаев «Ресей-Украина соғысында Түркияның бізге көрсеткен қолдауы мен көмегіне ризашылығымызды білдіру үшін қолымыздан келгеннің бәрі осы. Рахмет» деді.

Хүрриет газеті «Армениямен қатынастардың қалыпқа енуі» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен Анкарада өткізген ортақ баспасөз мәслихатында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа келуіне байланысты тың мәлімдемелер жасады. Чавушоғлу «Бұл ынтымақтастықты жалғастыруымыз керек. Оңтүстік Кавказда қалыпқа келу процесі жалғасуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар