Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1946729
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: ұлтпен бірге мұны да еңсереміз» деген хабарға орын берді. 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараштағы  жер сілкіністеріне байланысты президент Режеп Тайып Ердоған алдағы мақсаттың  бір жыл ішінде жаңа үй салып, аймақты  қалпына келтіру екенін айтты. Президент Режеп Тайып Ердоған эпицентрі Кахраманмараштағы жер сілкінісіне байланысты «Ұлтпен бірге мұны да еңсереміз» деді.

Стар газеті «Чавушоғлу: Израиль Түркияға алғашқы қолдау көрсеткен елдердің бірі болды» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Израильдің эпицентрі Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін Түркияға алғашқы қолдау көрсеткен елдердің бірі екенін айтты. Чавушоғлу осы қиын кезеңде қолдауы үшін Израиль мемлекеті мен халқына алғыс айтты.

Хүрриет газеті «Бұл жер сілкінісі Түркия мен Сирияға ғана емес, барша әлемге де  қатты ықпал тизігуде» деген хабарға орын берген. Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс күнделікті баспасөз мәслихатында жер сілкінісінің бейне көріністерінің «өте әсерлі» екенін айтты. Прайс «Қирандылар мен адам шығындары болған бұл жер сілкінісі Түркия мен Сирияға ғана емес, барша әлемге де  қатты ықпал тизігуде» деді.

Ватан газеті «Столтенберг: Түркиядағы жер сілкіністерінің шығындары бәрімізді қорқытты» атты хабар жариялаған. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг кеше эпицентрі Кахраманмараштағы жер сілкіністері туралы «Түркиядағы жер сілкіністерінің шығындары бәрімізді қорқытты. НАТО одақтастары Түркияға айтарлықтай қолдау көрсетуде. Осы қолдауды жалғастырып, ынтымақта болуымыз керек және Түркияға қолдауымызды жалғастыруымыз керек» деді.

Сабах газеті «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жер сілкінісі туралы мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа директоры Ханс Клюге «Эпицентрі Кахраманмараштағы  ғасырдың ең ауыр табиғи апатына куә болып отырмыз» деген сөздер қолданды.0



Ұқсас жаңалықтар