Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1946100
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті Чавушоғлуның «сириялықтар үшін қақпалар ашылды деген уәждерге» жауап бергенін хабарлаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Кахраманмарашта болған жер сілкінісі салдарынан «Сириядан Түркияға босқындар ағыны болды» деген уәждердің негізсіз екенін айтып, «PKK/YPG террор ұйымы бақылауындағы бір жерде қақпа ашу деген болмайды» деді.  

Хүрриет газеті «73 жыл өтсе де, олар бұл көмекті ұмытқан жоқ» деген тақырып қолданған. Тарихындағы ең үлкен жер сілкіністерінің бірін бастан өткерген Түркия үшін әлем жұмылды. Осыдан 73 жыл бұрын соғыс жүріп жатқан Оңтүстік Кореяға әскерін жіберген Түркияны ұмытпаған Сеул таң қалдырарлық қадам басты. Президент Юн Сук Ёл «одақтас әрі қандас ел» Түркияға барынша қолдау көрсетуді бұйырды.

Хабер Түрік газеті  «НАТО-дан Түркияға ынтымақтастық хабарламасы» деген хабар жариялаған. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО елдерінің Түркияда болған жер сілкіністері себепті Түркиямен берік ынтымақтастықта болатынын білдірді.

Сабах газеті  «Әлем қаһарман медбикелерді айтып жатыр» деген хабарға орын берген. Жер сілкінісі кезінде Газиантепте ауруханадағы сәбилерді құтқару үшін инкубаторларға қарай жүгірген медбикелер әлемнің күн тәртібіне келді. Британдық «Daily Mail» газеті «Мега жер сілкінісі кезінде «керемет» медбикелер нәрестелер жатқан инкубаторлар аударылып қалмас үшін палатаға жүгірді» деп жазды.

Стар газеті «Спорт әлемі - бір жүрек» деген хабарға орын берген. Кахраманмараштағы «ғасыр апаты» деп сипатталған жер сілкінісінен кейін спорт әлемі Түркияға қолдау көрсетіп отыр. Шетелде ойнайтын түрік спортшылармен қатар көптеген саладан әлемге әйгілі спортшылар Түркияға қолдау көрсетуге шақыру жасауда. Футболда жаттығу мен матчтар  алдында бір минут үнсіздік жарияланды. Көптеген танымал футболшылар жейделерін аукцион арқылы сатуды қолдады.



Ұқсас жаңалықтар