Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1945730
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Жер сілкіністерінен кейін Түркияға келген бірінші лидер» атты хабар жариялаған. Катар әмірі шейх Тамим бин Хамед Әл Сани «Ғасырдың апаты» деп аталған эпицентрі Кахраманмараш және 10 аймақты қамтыған жер сілкіністерінен кейін президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу үшін Түркияға келді. Ердоған Әл Саниді Стамбулдағы Вахдеттин сарайында қабылдады. Катар әмірі жер сілкістерінен кейін Түркияға келген бірінші лидер болды.

Хабер Түрік газеті «Грекия көмектесуді жалғастыруда» деген хабарға орын берген.  Жойқын жер сілкінісінен кейін әлемнен Түркияға көмек келіп жатқанда, Грекия Сыртқы істер министрі Дендиас Аданаға келді. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Дендиасты қарсы алды, екі министр кейін Хатайға барды. Зілзала аймағында мәлімдеме жасаған Дендиас Грекияның Түркияға қолдауының жалғасатынын атап өтті.

Хүрриет газеті «Көршімізге рахмет» атты хабар жариялаған. Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек материалдары Анталияның Каш ауданынан 7,5 шақырым жердегі Грецияның Мейс аралынан жөнелтілді. Көмек жәшіктерінде «Құрметті көрші, жойқын жер сілкінісі зардап шеккендер үшін  біздің де жүрегіміз қатты ауырды» деген сөздер жазылды.

Ватан газеті «Түркия  жұмылған жұдырықтай» деген хабарға орын берген. Телевизиялық хабар таратушылар қауымдастығы 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараш және 10 аймақты қамтыған жер сілкіністерінен кейін көмек түндерін ұйымдастыруға шешім қабылдады. Көмек түні 15 ақпан сәрсенбі түні Түркия уақытымен сағат 20:00-де «Түркия жұмылған жұдырықтай» деген  ұранымен өтеді. Көмек Қызыл Жарты ай қоғамы және Апат және төтенше жағдайлар басқармасының есепшоттарында жиналады.

Сабах газеті «Анджелина Джоли  әкенің көрінісімен барша әлемге үндеу тастады» атты хабар жариялаған. Танымал америкалық актриса Анджелина Джоли эпицентрі Кахраманмараш және 10 аймақты қамтыған жер сілкіністерінің өте әсерлі көріністің бірі 15 жасар қызының қолынан ұстап жібермеген азапты әкенің суреті арқылы барша әлемге жолдама жариялады. Анджелина Джоли әлеуметтік желідегі парақшасынан адамдарды жер сілкінісінен зардап шеккендерге қайырымдылық жасауға шақырды.

 



Ұқсас жаңалықтар