Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1933177
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ұшқышсыз ұшақтар Түркияның терроризммен күресінің тарихын өзгертті» деген хабарға орын берген. Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу «Twitter» парақшасында "Ұшқышсыз ұшатын аппараттар Түркияның терроризммен күрес тарихын өзгертті. Әсіресе «Байрактар» ​​ұшқышсыз ұшу аппараты дүние жүзі қабылдаған  «ойын өзгертетін керемет" деді.

Йени Шафак газеті «Әлем алпауыттарының көзі Түркияда» деген хабарға орын берген. Түркияның Қаратеңізде 710 миллиард текше метр табиғи газ қорын шығарып, оны өңдеуге кірісуі әлемнің жетекші энергетикалық компанияларының назарын аударды. Миллиардтаған долларлық ұсыныспен Түркияның есігін қаққан компаниялардың ұсыныстары қабылданбады. «Көгілдір отынды өзіміз шығарып, өзіміз сатамыз» деп жауап берілді.

Сабах газеті «Караисмаилоғлу: Біз әлемде 14-шіміз» деген хабар жариялаған. Көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Түркияға тиесілі кеме флотының сыйымдылығының 41 миллион дедвейт тоннаға (DWT) жеткенін, осылайша Түркияны әлемдегі ең үлкен кеме флоты бар 14-ші елге айналғанын хабарлады.

Стар газеті «Түркия 110 елге сатты» деген тақырып қолданған. Өткен жылы Түркиядан 110 ел мен аймаққа 9 миллиард 264 миллион 807 мың долларлық жеңіл көлік экспортталды.

Хабер Түрік газеті  «Түркияның тағы 10 дәмі ЕО-ға тіркелу жолында» деген хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түрік патент және сауда белгілері мекемесінің (TÜRKPATENT) Түркияның 10 дәмі үшін Еуропалық комиссияға тіркеу өтінішін жасағанын айтты және «Еуропалық Одақ органдарында Түркияның географиялық белгілер санын 100-ге жеткіземіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар