Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1899816
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Түркия астық жөнелту туралы мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Ұлттық қорғаныс министрлігі Ресейдің Севастопольдегі шабуылдарға байланысты астық өндіру кәсіпорнын уақытша тоқтатқанын хабарлады. Мәлімдемеде «Украинадан кеменің шығуы болмайды. Стамбулда күтіп тұрған кемелерді тексеру жалғасуда» делінді. Сонымен қатар Стамбулдағы үйлестіру орталығындағы ресейлік қызметкерлердің жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Стар газеті «Ең қауіпсіз жол--Түркия» атты хабар жариялаған. Қазына және қаржы министрі Нуреддин Небати Түркияның географиялық орналасуына байланысты Ресей, Иран және Сауд Арабиясынан келетін энергия үшін дәліз деңгейінде  екенін айтып, «Табиғи газ бен мұнайдың барлық түрін арзан әрі қауіпсіз тасымалдауға болады» деді.

Сабах газеті «Ғажайып Түркия келеді» атты хабарға орын берген. 29 қазанда Бурсада салтанатты түрде ашылған Түркияның алғашқы отандық көлігі Togg әлемде кеңінен жаңғырық жаратты. Түркияның керемет қадам басқанын білдірген газеттер президент Режеп Тайып Ердоғанның «Ғажайып түріктер» деген сөзіне ерекше тоқталды.

Хүрриет газеті «Togg әлем баспасөзінде» деген хабарға орын берген. Togg  әлемдік баспасөзде кеңінен жарияланды. «Bloomberg» бұл жаңалықты оқырмандарына «Ердоған тұңғыш түрік электр көлігін таныстырды» деген тақырыппен ұсынды. Германияда шығатын «Deutsche Welle» газетінің хабарында «Түркия Togg-мен тарих жазуда» деген сөздер қолданған. Ресей «Риа Новости» ақпарат агенттігі отандық электрмен жүретін көліктің 30 минутта зарядталатынын және 500 шақырым қашықтыққа жететінін жазды.



Ұқсас жаңалықтар