Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер бүгінгі маңызды жаңалықтарға орын берген.

1869499
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Израильмен жаңа кезең» деген тақырып қолданған. Президент Режеп Тайып Ердоған Израиль премьер-министрі Яир Лапидпен телефон арқылы сөйлесті.  Өзара елші тағайындау шешіміне тоқталған президент Ердоған жаңа елші тағайындау тақырыбында қажетті қадамды жақын уақытта басатындарын айтты.

Стар газеті «Түркия – барлығымен сөйлесе алатын актер» деген тақырып қолданған.  Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы Францияның бас қаласы Парижде «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі реформасы» атты жиналыс өткізді.  Жиналыста сөз сөйлеген Халықаралық саясаттар зерттеу орталығы  (CeSPİ) Түркия координаторы Валерия Гианнатта «Түркия секілді шарықтап келе жатқан күштің ролін тағы бір рет ойлануымыз керек.  Елдің дипломатиялық ынтасы мен географиялық тұғырының арқасында Түркия – барлығымен сөйлесе алатын бір актер» деді.

Йени Шафак газеті «Абдулхамит Хан» кемесі алғашқы бұрғылауын бастады» деген хабар жариялаған.  Энергия және Табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияның төртінші бұрғылау кемесі «Абдулхамит Ханның» Жерорта теңізінің шығысында бұрғылау жұмысын бастағанын білдірді.  Бұрғылау кемесі президент Режеп Тайып Ердоған қатысқан рәсімде 9 тамыз күні алғашқы міндет орны «Йөрүклер-1» құдығына шығарып салынған болатын.

Хүрриет газеті «Неміс баспасөзінен түрік ұшқышсыз ұшу аппараттарына мақтау» деген хабар жариялаған.  Түркияның әскери индустриясын талқылаған немістің «Focus» интернет парақшасы назар аударатын бір сараптама жариялады.  Хабарда «Bayraktar TB2» қарулы ұшқышсыз ұшу аппараты туралы «Ресей президенті Владимир Путинді де қосқанда әлемдегі барша тұтынушыға шабыт береді» деп айтылды.

Хабер Түрік газеті «Малайзия патшайымы Каппадокияда өмір сүргісі келеді» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анкараға келген Малайзия королі Сұлтан Абдулла Риаятуддин Әл-Мұстафа Биллах Шахтың жұбайы Тунку Азиза Каппадокияны аралады.  Каппадокияға қайран болған патшайы «Осы жерді қатты көргім келген еді.  Бұдан бұрын да келгім келген. Алайда енді ғана жолы түсті. Жартастан ойылған бір жер сатып алы, сол жерде өмір сүргім келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар