Түрік баспасөзіне шолу

Барша әлем орыс армиясының қылмыстарын айыптауда.

1808685
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Президент Ердоған маңызды мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кешегі мәлімдемесінде террорды ел ішінде түбегейлі жою түйініне келгендерін айтты. Ердоған Türkiye-нің енді тікұшақтарды эспорт еткен елге айналғанын және осы аяда Филиппинге ATAK әскери тікұшағының тапсырып берілгенін еске салды.

Сабах газеті «Чавушоғлу: Украина мен Ресей арасында жаңа кездесуді күтеміз» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Ресей мен Украина арасында тіпті көп кездесу және одан кейін бір келісімді бастауы үшін сыртқы істер министрлері жиналыстарын күтудеміз» деген сөздер қолданды.

Стар газеті «Италия ішкі істер министрі : Türkiye біздің досымыз» атты хабарға орын берген. Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу кеше Италия ішкі істер министрі Луциана Ламоргесе және оның басшылығындағы делегациямен кездесті. Министр Ламоргесе «Көптеген салада ынтымақтастық жасаудамыз. Türkiye біздің досымыз» деді.

Йени Шафак газеті «TOGG-ның 1.6 шаршы километрлік сынағы тамамдалды» деген хабар жариялаған. Türkiye-нің Автомобиль талпыныс тобының (TOGG) Twitter-дегі парақшасында «Гемлік зауытында 1.6 шаршы километрлік сынағы тамамдалды» деген сөздерге орын берілді.

Хабер Түрік газеті «Тау-кен өндіру секторының экспорты алғашқы тоқсанда 1,5 миллиард доллардан асты» деген хабарға орын берген. Türkiye-нің тау-кен өнімдері экспорты осы жылдың алғашқы тоқсанында 2021 жылының бірдей мезгілімен салыстырғанда 25,9 пайыз артып, 1 миллиард 527 миллион 312 мың долларға ұласты.  



Ұқсас жаңалықтар