Түрік баспасөзіне шолу

Түркияда шығатын газеттердің басты тақырыптарына тоқталамыз.

1797926
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған мен Путин телефонда сөйлесті» деген хабарға орын берген.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Президенттік Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Ресей-Украина соғысына қатысты соңғы өзгерістер мен майдандағы гуманитарлық жағдай талқыланды. Ердоған Ресей президенті Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийді Стамбул немесе Анкарада қабылдау туралы ұсынысын қайталады.

Хүрриет газеті «Чавушоғлу: Атысты тоқтату үмітіміз артты» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Мәскеу сапарынан кейін Украинаға барды. Чавушоғлу Украинада Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен кездесті. Чавушоғлу кездесуден кейін жасаған мәлімдемесінде атысты тоқтату үмітінің артқанына назар аударды.

Стар газеті «Кулеба: Батылдығыныз Түркияның белсенді бір актер екенін дәлелдеуде» атты хабарға орын берген. Түркияны Ресей-Украина соғысының доғарылуында кепілгер елдер арасында көргісі келгендерін айтқан Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба министр Чавушоғлуна жекелей талпыныстарына орай алғыс айтты.

Йени Шафак газеті «Түрік қауымдары өмір сүрген жерлерде отбасы атташелігі ашылады» деген хабар жариялаған. Түркияның Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Дерья Янык шетелде, әсіресе Еуропада түрік қауымдары мәселелерінің көп екенін білдіріп, «Түрік қауымы өмір сүрген әр жерде атташелігімізді ашуды ойлаудамыз» деді.

Хабер Түрік газеті «Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы босқындарға жасаған мүмкіндіктері үшін Түркияны мақтады» атты хабарға орын берген. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының  Еуропа аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге босқындарға жасаған мүмкіндіктері үшін Түркияны мақтады.



Ұқсас жаңалықтар