Түрік баспасөзіне шолу

Түркияда шығатын газеттердің басты тақырыптарына тоқталамыз.

1789808
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған: Күшті болуға мәжбүрміз» деген хабарға орын берді. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтік жүйесі сынды барлық салада күшті болуға мәжбүр екенін айтты. Ердоған «Аймағымызда ешқандай жағдайдың, ешқандай дағдарыстың шешімі Түркиясыз болмайды» деп көрсетті. Ердоған Ресей-Украина соғысын мысалға келтіріп, «Бұлардан сабақ ала отырып, алға ілгерлейіз» деді.

Хүрриет газеті «Чавушоғлу: Гуманитарлық дәліз шешіміне риза» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефонда сөйлесті. Телефондағы әңгімеде Чавушоғлу Ресей мен Украина делегацияларының азаматтарды эвакуациялау үшін аймақтық деңгейде гуманитарлық дәліз құру тақырыбында келісімге келгені үшін Түркияның ризашылығын жеткізді. Мевлүт Чавушоғлу бұл дәліздің бір жағынан азаматтарды эвакуациялауға мүмкіндік туғызатынын, енді бір жағынан осы аймақтарға гуманитарлық жәрдем жеткізуге жеңілдік болатынын айтты. 

Хабер Түрік «Калын: Соғыс болған кездің өзінде шектен асып кетпейік» атты хабарға орын берген. Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Twitter парақшасындағы мәлімдемесінде «Ресейдің қате саясатын сынға тартқан кезде орыс халқы мен мәдениетін кемсітпейік. Біреулердің айтағына ермейік. Осылай істеген жағдайда Украинаның егемендік құқықтары мен тәуелсіздігін қорғауға болады» деді. Калын «Соғыс болған кездің өзінде шектен асып кетпейік» деді.

Сабах газеті «Екі жақпен де кездесе алатын жалғыз ел-Түркия» деген хабар жариялаған. Бас Штаб ұлттық барлау басқармасының бұрынғы төрағасы генерал-полковник Исмайыл Хаккы Пекин Түркияның Ресей және Украинамен кездесе алатын жалғыз ел екенін түсіндіріп «Түркияның екі ел арасындағы стратегиялық маңызы өте жоғары. Дағдарысты шешуде белсенді рол атқарамыз» деп көрсетті.  

Стар газеті «Ливия Түркияға алғыс айтты» атты хабарға орын берген.

Ливияның Мисрата қаласында әскери білімдерін тамамдаған түлектер оқу бітірді. Ливия Бас Штаб төрағасы генерал Мұхаммед Али Хаддад әскерлердің білім алуына қолдау көрсеткен Түркияға алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар