Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1782816
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті президент Ердоған хабарына орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Дакарда Сенегал-Түркия Бизнес форумында сөз сөйледі. Ол «Сенегалмен сауда мақсаттарын жариялады. «400 миллион сауда айналымына қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – 1 миллиард доллар.  Бірігіп жұмыстанып,  осы көрсеткішке де қысқа уақытта қол жеткіземіз деп сенемін» деді ол.

Сабах газеті мәжіліс төрағасының сөздеріне орын берген. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп ресми сапармен Грузияда байланыстарын жалғастыруда.  Хабарға қарағанда, мәжіліс төрағасы «Грузияның егемендігі мен территория тұтастығына берген мықты қолдауымызды жалғастырамыз. Осы ұстанымымызды барлық платформада айтып келеміз» деді.

Хабер Түрік газеті «Түркия сыртқа тәуелділіктен құтылды» деген хабар жариялаған. «Байкар» компаниясының технология лидері Селчук Байрактар «Түркия ұшқышсыз әуе көліктері тақырыбында сыртқа тәуелділіктен құтылды.  Әскери дрондарда әлемнің ең үздігі» деді.  Байрактар ұшқышсыз әуе аппараттары саласында Түркияның әлемде алғашқы үштікте орын алатынын атап көрсетті.

Стар газеті «Түркияға қаңтар айында келген шетелдік азамат саны бір миллионнан асты» деген хабар жариялаған. Мәдениет және туризм министрлігінің деректеріне қарағанда, Түркияға қаңтар айында 1 миллион 281 мың 666 шетелдік келді.  Ресей ең көп турист жолдаған ел болды.  Ресейден Түркияға 134 мың 215 кісі келді.  Болгария 109 мың 971 адамен екінші, Иран 106 мың 957 адаммен үшінші орынды иеленді.

Йени Шафак газеті «Түрік Әуе жолдары рекорд рейс жоспарлап отыр» деген хабарға орын берген.  Түрік авиакомпаниясы THY келесі жазда Анталия, Даламан, Бодрум-Милас және Измирде 29 елдегі 47 қалаға аптасына 388 фреканс тікелей рейс игереді.  Бұл да Түркияны аймақтың туризм орталығына айналдырады.



Ұқсас жаңалықтар