Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1775813
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Президент Ердоған Әл Нахаянмен сөйлесті» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Әбу-Даби әмірлігінің Тақ мұрагері Шейх Халифа Бин Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті. Нахаян телефондағы әңгімеде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетін жұқтырып алған Президент Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Емине Ердоғанға көңіл сұрау тілектерін жеткізді.

Сабах газеті «Чавушоғлу Израиль жайлы мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Анкара мен Тель-Авив арасындағы қарым-қатынастарды қалпына келтіру туралы "Израильмен қарым-қатынасымызда жасалатын кез келген қадам  кейбір елдер сияқты Палестина мәселесіне зиян келтірмейді. Біздің ондағы (Палестина мәселесінде) ұстанымымыз әрқашан айқын. Біз ең айқын ел болдық» деді.

Хүрриет газеті «Селчук Байрактар нысананы жариялады» атты хабарға орын берген. Baykar бас техникалық директоры Селчук Байрактар Әзербайжанда «Bayraktar BT-2» және Ұшқышсыз әуе аппараттарының жоғарғы технологиясын дамытатын бір талпыныс жасауды жоспарлағандарын білдірді.

Стар газеті «Түркия екі жыл ішінде Айға зымыран ұшырады» деген хабар жариялаған. Түркия ғарыш агенттігінің төрағасы  Сердар Хусейн Йылдырым баспасөзге жасаған мәлімдемесінде отандық ғарыш аппаратының Айға жетуінің Түркияның ұлттық ғарыш бағдарламасының маңызды бір нысанасы екенін айтты. Йылдырым «Бізді екі жыл ішінде Айға апаратын ұшқышсыз әуе көлігі өндіріліп жатыр» деді.

Йени Шафак газеті «Түркияның ауылшаруашылық өнімдері төрт құрлықта бір миллиардқа тарта адамға таныстыралады» атты хабарға орын берген. Түркия экспортшылар одағы мәжілісі түрік экспорт өнім және секторларының әлем деңгейіндегі жарнамасын арттыру мақсатымен «BBC World News»-пен ынтымақтастық жасайды.



Ұқсас жаңалықтар