Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1771525
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: Түркия болашаққа сеніммен қарауда» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған дамыған елдердің көбінің Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті барысында емтиханнан өте алмай қалғанын, Түркияның болса тарихының ең үлкен өндірісі мен экспортын жүзеге асырғанын білдірді. Президент Ердоған «Түркия енді белгілеуші елдер қатарына кірді. Болашаққа сенім және үмітпен қараудамыз» деп көрсетті.

Стар газеті «Шығыс Жерорта теңізінде сөз иелісі ел Түркия» атты хабар жариялаған. Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Эрсин Татар «Шыығс Жерорта теңізінде ең күшті және ең әлеуетті ел Түркия, Түркия болашақта сөз иесі болатын ел» деді. Түркия араласпаған әрқандай бір тепе-теңдікте бейбітшіліктің жалғасуының мүмкін емес екенін түсіндірген Татар «Сондықтан Түркия әрқашан Шығыс Жерорта теңізінде болады» деген сөздер қолданды.

Йени Шафак газеті «Түрік қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарына сұраныс өте көп» атты хабарға орын берген. Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир Түркияның әлемнің ең үлкен өндіріс базаларының біріне айналу үшін маңызды жұмыстар бастағанын айтты.  Демир "TCG Анадолы  амфибиялық шабуыл кемесі мен  қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары барша әлемге танылды" деген сөздер қолданды.

Хабер Түрік газеті «Түркия 2021 жылы 30 миллионнан астам туристті күтіп алды» деген хабар жариялаған. Түркия 2021 жылы өткен жылмен салыстырғанда 30 миллионнан астам туристті күтіп алды. Түркияның туризм кірісі артты. 2021 жылы өткен жылмен сатыстырғанда 103 пайыз артып, 24 миллиард 482 миллион 332 мың долларға жетті.

Сабах газеті «Түркия әлемнің өндіріс базасы болады» атты хабар жараиялаған. Өнеркәсіп министрлігі жаңа экономикалық өндіріс бағдарламасының тіпті де күшейтілуі, Түркияның әлемнің ең үлкен өндіріс базасының біріне айналуы үшін маңызды бастама. TCG Түрік автомобиль бастамашыл тобы сынды стратегиялық инвестициялар жалғыз индустрия аймағы саналады.

 

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар