Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1713176
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Президент Ердоған: АҚШ F-35 соғыс ұшақтарын береді немесе ақшамызды қайтарады » атты хабарға орын берген.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейден елге қайтарда журналисттердің сұрақтарына жауап берді. Ердоған АҚШ Президенті Джо Байденмен Римде өткізілетін кездесуде екі ел қарым-қатынастарын жан-жақты қолға алатындарын айтып, «АҚШ-қа F-35 соғыс ұшақтары үшін 1 миллиард 400 миллион доллар төледік. АҚШ ұшақтарымызды беруі немесе ақшамызды қайтаруы керек» деді.

Сабах газеті «Ұлттық қауіпсіздік кеңесі маңызды мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналысы өтті. Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналысынан кейін жазбаша мәлімдеме жасалды. Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Сирияда жай халықтарды нысанаға алған және тұрақтылыққа зиян тигізген әрекеттердің жалғасуына рұқсат бермейтінін білдірді.

Хүрриет газеті «Түркияның тамыз айындағы экспорты өсті» атты хабарға орын берген.Түркия статистика мекемесі мен Түркия сауда министрлігінің ынтымақтастығымен дайындалған тамыз айына байланысты  уақытша сыртқы сауда санақтары жарияланды. Осы санақ бойынша экспорт 2021 жылының тамыз айында өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 51,9 пайыз артып,18 миллиард 916 миллион долларға көтерілді.

Ватан газеті «Өзлем Түрежи вирустың қаншама уақыт жалғасатынын жариялады» атты хабарға орын берген. BioNTech-тің бас дәрігері Өзлем Түрежі әлемді дүр сілкіндірген коронавирустан үрейленіп өмір сүрмеу керектігін білдіріп, «Жаңа бір кезеңге дайындалуымыз керек. Өйткені бұл вирус бірнеше жыл бізбен бірге болады» деді.

Стар газеті «Дүниежүзілік банк Түркияны мақтады» атты хабарға орын берген. Дүниежүзілік банк Түркияға жауапты директоры Огюст Куаме «Түркия  жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне қарамастан су ресурстарын өте жақсы пайдаланды» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар