Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1555232
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «2021 жылы басымдық диалог пен дипломатия болады» деген хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 2020 жылдың қорытындысына арналған жиналыста сөз сөйледі.  Ол «2021 жылы басымдық тағы да диолог пен дипломатия болады» деді. «Жұмсақ күшімізді қолдануды жалғастырамыз.  Қажет болғанда қатты күшімізді де қолданудан тайынбаймыз» деген министр терроризммен күресті табандылықпен жалғастыратындарын, пандемиядан туындайтын мүмкіндіктер шеңберінде экономика дипломатиясын да атқаратындарын білдірді.

Йени Шафак газеті «Коронавирус вакцина бағдарламасы белгілі болды» деген хабар жариялаған.  Түркияда вакцинацияда бірінші кезекте болатындар Ғылыми кеңесте айқындалды. Медициналық салада жұмыс істейтіндер мен қариялар үйіндегі кісілердің вакцинациясы бірінші болып басталады.  Вакцинацияның мүмкіндігінше тез бітірілуі мақсат етілді.

Хүрриет газеті «Түріксат 5A серігі ұшырылады» деген хабарға орын берген.  Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Түркияның бесінші буын Түріксат 5A серігі туралы маңызды хабарландыру жасады.  Ол «Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні серігімізді ұшырамыз.  Бағдарламаны дайындадық» деді.

Ватан газеті «Түркияның жаңа армиясы – ұшқышсыз әуе көліктері технологиясы» деген хабар жариялаған.  Түркия үйір түріндегі ұшқышсыз әуе аппараттары технологиясында да сынақ тесттерін жалғастыруда. Сонымен бірге ондаған әуе көлігінің бірге көтеріліп, жүйелі түрде бірге операция жасайтын жобасының жақында әскери орындарға тапсырылуы жоспарланды. Президент Ердоған да көп көңіл бөліп отырған осы үйір күйіндегі әуе көліктері белгілі бір міндетті атқару үшін ынтымақтасқан көптеген әуе аппараттарынан тұрады. Жасанды интеллект арқылы басқарылатын Үйір әуе көліктері Жаһандық тұғыр жүйесі жоқ жерде де бағытын таба алады.

Стар газеті «Анкара шақыруларды жауапсыз тастамады» деген хабарға орын берген.  Саясат,  Экономика және қоғам зерттеулері фонды SETA «2021 жылы Түркия мен әлем: Үміттер, рисктер мен мүмкіндік» атты жиналыс өткізді.  Жиналыста Түркияның коронавирус эпидемиясы кезеңін жақсы басқарғаны айтылды.  Әсіресе 160 шақты мемлекет пен халықаралық актерге осы аяда берілген көмектердің, Түркияның гуманитарлық көмек компаниясының, яғни жұмсақ күшінің қаншалықты мықты және түбегейлі екенін тағы бір рет көрсеткені айтылды.

 



Ұқсас жаңалықтар