Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1525892
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хабер Түрік газеті президент Ердоғанның мәлімдемелеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Анкарада Ататүрікті еске алу рәсімінде сөз сөйледі. Ол жүз жыл бұрын Түркияның Мұстафа Кемал Ататүріктің арқасында капитуляциялардан құтылғанын,  бүгін болса замандас капитуляцияларға қарсы күрестің жалғасқанын атап көрсетті.  Ердоған: «Бүгінге дейін көптеген салада елімізді мақсатына жеткізгеніміз секілді,  экономикада да әлемнің алғашқы ондығына енуі үшін тырысамыз. Бұл Мұстафа Кемал Ататүрік үшін ең үлкен сыйлық болады деп сенемін» деді.

Хүрриет газеті министр Чавушоғлуның сөздеріне орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен баспасөз мәслихатын өткізді. Армения мен Әзербайжан арасындағы атысты тоқтату келісімі туралы айтқан министр «Әрқашан бітімді бұзған, соғысты қалаған Армения болды.  Армения да мұның құнын ауыр төледі.  Кеше түнде үш ел арасында келісімге қол қойылды. Бұның қалай бақыланатыны тақырыбы бар» деді.

Ватан газеті «Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Калыннан Әзербайжан үндеуі» деген хабар жариялаған.  Әзербайжан мен Армения арасында қол қойылған келісімге байланысты Ибрахим Калын «Қарабах енді азат. Қарабах – Әзербайжан. Түркия бұдан кейін де әрі алаңда,  әрі үстелде Әзербайжанның жанында болады» деді.

Сабах газеті де оы тақырыпқа орын берген.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Әзербайжан мен Армения арасында қол қойылған келісімге байланысты кеше «Шамамен отыз жылдан бері басқыншылық астында жатқан өз жерін қайтып алу, Арменияның жабайы шабуылдарын доғару үшін орынды күрес жүргізген және осы күресте маңдай терімен жеңіп шыққан Әзербайжандық бауырларымыздың жеңісімен құттықтаймыз. Келісімдегі шарттардың орындалуы, оккупациядағы жерлердің Әзербайжанға қайтарылуы,  аймақта бейбітшілік пен тыныштық орнауында да Жан Әзербайжанның жанында боламыз» деді.

Стар газеті экспорт хабарына орын берген.  Егіншілік және орман министрі Бекир Пакдемирли әлемнің маңызды импортшыларының бірі Қытай Халық Республикасының қақпасының түріктің қанатты құс секторына ашылғанын айтты.  Министр Пакдемирли 6 қараша күнінен бастап Қытайға бірінші рет қанатты ет және өнімдерінің экспортының басталғанын хабарлады.

 



Ұқсас жаңалықтар