Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1522372
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше видеоконференция арқылы Еуропа Кеңесі Министрлер жиналысына қатысты.  Ол әлеуметтік желіден осыны білдіріп, «Әзербайжанның территория тұтастығына барша қолдау көрсетуі керек» деді.

Ватан газеті Қазына және қаржы министрінің сөздеріне орын берген.  Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак Түркияда және әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты мәлімет берді. Ол «Түркия өндіру арқылы өсіп отыр.  Экономикадағы мықты жинақталу бағыты қазан айында да жалғасты» деді.

Хабер Түрік газеті Сауда министрінің хабарын жариялаған.  Сауда министрі Рухсар Пекжан «Қазан айында еліміздің Еуропаға ашылған шекара қақпаларының бірі Капыкуледе 70 мың 694, Хамзабейлиде 26 мың 74, Ипсалада  8 мың 700, барлығы 100 мыңнан көп фурамыз кіріп шықты.  Осылайша ең жоғары көрсеткіш тіркелді» деді.

Хүрриет газеті «Қаратеңіз ақсеркесінің экспорты 33 пайыз артты» деген хабар жариялаған. Түркияда жылдың он айында Қаратеңіз ақсеркесі экспорты өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 33 пайыз артып, 46 миллион доллардан асты. Экспорт Ресей Федерациясы, Вьетнам және Румыния секілді елдерге жүргізілді.

Стар газеті «Селчук Байрактардан қуанышты хабар» деген тақырыппан жаңалық жариялаған. Байкар компаниясының техникалық директоры және T3 фонды төрағасы Селчук Байрактар Акынжының бірінші рет жерден бақылау стансасы жоқ алыс жерде көтеріліп,  артынан қонғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар