Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1520106
Түрік баспасөзіне шолу

 

Стар газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған «Қырғын: Сребреницадан алынған сабақтар» атты Лидерлер саммитіне бейнекөрініс жолдады. Ердоған «Еуропалық мұсылмандар систематикалық түрде жікшілдікке ұшырауда, құқық пен еркіндіктері қолдарынан алынуда» деді.

Хабер Түрік газеті «Түркиядан Грекияға навтекс жауабы» атты хабарға орын берген.  ТР Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Хами Аксой Грекияның мәлімдемелеріне жауап берді. Аксой «Грекия максималист армандарына сүйеніп берген әрбір навтексінен кейін істерімізге қарсы шығуы босына.  Еліміз халықаралық құқықтан туындаған құқықтары шеңберінде аймақтағы істерін жалғастырады» деді.

Йени Шафак газеті «Армения жеңілгенін жариялауы керек» деген хабарға орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Әзербайжанға қолдау бергенін көрсету мақсатымен тағы бір рет Бакуге барып,  президент Ильхам Әлиевпен кездесті. Әлиев соғыстың жалғасуына Армения премьер-министрі Никол Пашинянның жауапты екенін білдірді. Ол «Арменияның жеңілгенін жариялап, армиясын біздің жерімізден әкетуі керек, проблеманы үстелде шешу – ең орынды шешім» деді.

Ватан газеті «Түркия мен Әзербайжан арасында  энергияда ынтымақтастық хаттамасы» деген хабар жариялаған. Энергия нарығын реттеу мекемесі мен Әзербайжан Энергия реттеу агенттігі арасында электр және табиғи газ нарықтарында үйлесімділік қалыптастыру үшін ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

Сабах газеті «Түркияға ризамыз» деген хабарға орын берген. Голливуд жұлдызы Арманд Ассанте «Түркияға босқындарға берген қолдауына орай ризамыз» деді.  Ол «Түркия шынайы түрде ел-жұртынан айрылған миллиондаған адамның жүгін арқалады. Миллиондаған жаралы азаматты емдеді.  Түркия өз тұрақтылығына қауіп төнсе де,  құшағын босқындарға ашты» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар