Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1478582
Түрік баспасөзіне шолу

 

Йени Шафак газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Грекияның навтекс жариялауының аймақтағы барлық кемелердің қауіпсіздігіне қатер төндірген еркелік екенін айтты.  Ердоған: «Бұдан былай аймақта болатын барлық болымсыздықтың жалғыз себебі Грекия,  зиян көретін жалғыз ел де өзі болады» деді.

Сабах газеті «Ердоған: Табиғи газда Жерорта теңізден сүйінші хабар келеді» деген хабар жариялаған.  Президент Ердоған Қаратеңіздегі 320 миллиард текшеметр табиғи газ резерві табылғаннан кейін Жерорта теңізінен де сүйінші хабар келуін күтетіндерін айтты.  Президент «Оруч Реис» кемесінің және оған серік болған флот мүшелерінің істерінен бас тартпайтындарын білдірді.

Ватан газеті «Түркиядан Грекияға есе қайтару» деген хабарға орын берген.  Грекия «Оруч Реис» кемесінің алаңында жаттығу өткізетінін білдіргеннен кейін Түркиядан алғашқы реакция келді.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Афины әкімшілігі қабылдаған шешімнің келіспеушілікті арттыратынын атап көрсетті.  Түркияның шығыс Жерорта теңізіндегі істерінде орынды екенін айтып, Акар: «Бізге берілген тапсырманы бүгінге дейін үздік атқардық.  Бұдан былай да осылай жалғастырамыз» деді.

Стар газеті «Қаратеңізде одан да көп табиғи газ резерві бар» деген хабар жариялаған.  Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Түркияның Қаратеңіздегі Сакария газ кен орнында 320 миллиард текшеметр табиғи газ резерві табылуының бастау екенін айтты. «Техникалық мамандар бізге одан да көп резерв бар екенін айтуда» деген Калын «Барлау және бұрғы істері жалғасады» деді.

Хабер Түрік газеті туризм хабарына орын берген.  Түркияға шілде айында келген турист саны алдынғы аймен салыстырғанда төрт есе артып,  214 мың 768 адамнан 932 мың 937 адамға көбейді. Шілде айында Түркияға келген туристер елге кірген шекара қақпаларының арасында Стамбул 32,36 пайызбен бірінші орында,  Анталия мен Эдирне алғашқы үштікте орын алды.



Ұқсас жаңалықтар