Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1302003
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Трамппен телефонда әңгімелесті» атты хабар жарияланған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған және АҚШ президенті Дональд Трампкеше кешкі уақытта телефонмен әңгімелесті. Әңгіме барысында екі басшы проблемаларға қоса, аймақтық жаңалықтарды қолға алды. Екі басшының АҚШ президенті Трамптың шақыруымен 13 қараша сәрсенбі күні Вашингтонда жүзеге асатын бас қосуды қайтадан бекіткені атап көрсетілді.

Ватан газеті «Министр Дөнмез: "Фатих" кемесі қысқа уақытта бұрғылау жұмыстарын бастайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез "Фатих" кемесінің қысқа уақытта бұрғылау жұмыстарын бастайтынын білдірді. Министр Дөнмез бас қала Анкарада ұйымдастырылған 12-ші Халықаралық Энергия конгресі мен көрмесінің ашылу рәсімінде жасаған баяндаманың артынан «Фатих бұрғылау кемесі Финикедегі бұрғылау жұмысын аяқтады. Дайындықтарын жасауға Мерсин Ташуджу портына келді. Бірнеше апталық дайындық жұмыстарының артынан қайтадан Солтүстік Кипр Түрік Республикасының рұқсаты және белгіленген орналасу аймағына ең қысқа мерзімде бұрғылау жұмысын бастауға барады» деді.

Стар газеті «Ішкі істер министрі Сойлу: Түркия террормен күресте табанды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу кеше Анталияда жасаған мәлімдемеде террормен күрес тақырыбында бүкіл әлем таң қалып қадағалаған бір кезеңді басқарғандарын атап, «Түркия террормен күресте қаншама ықпалды және табанды екенін ортаға қойды» деді.

Йени Шафак газеті «Сирияда қауіпсіз интернет желі үшін процес басталды: Интернет байланысы Газиантеп қаласынан жеткізілмек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Бейбітшілік бұлағы операциясының артынан террор ұйымы YPG/PKK-дан тазаланған аймақтарда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жұмыстар басталды. Түркия наубайхана, аурухана және пошта сияқты қызметтерге қоса интернет байланысы тақырыптарында маңызды қадамдар басуда. Түрік Қарулы күштерінің бақылауындағы алаңдарда интернет пен телефон байланысы қызметі орталығы Газиантептегі бір фирма тарапынан қамтамасыз етіледі. Осылайша әрі сириялықтар байланыс мүмкіншілігі табады, әрі кейбір маңызды ақпараттар террористерді ұстауда үлкен рөл атқарады.

Хүррийет газеті «Қазан айында 267,5 миллион доллар асыл тас экспорты жасалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Асыл тас экспортшылар одағы 2019 жылы қазан айы асыл тас экспорты көрсеткіштерін жариялады. Осыған қарағанда қазан айында 267 миллион 293 мың 310 доллар асыл тас экспорты жүзеге асырған одақ 2019 жылдың алғашқы 10 айлық мерзімінде жалпы 3 миллиард 488 миллион долларлық экспортқа қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар