Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1300374
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Террор ұйымың қоймасында АҚШ-қа тиесілі минометтер ортаға шықты» деген хабарға орын берді. Газет Түрік Қарулы күштері мен Сирия Ұлттық армиясының Сирияның Расулайн ауданында террор ұйымы YPG/PKK-ға тиесілі үлкен бір қару-жарақ қоймасын тапқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарын YPG/PKK-ға он мыңдаған жүк көлігімен қару-жарақ және оқ-дәрі жіберіп одақтастық қарым-қатынастарына зиян келтіргендері тақырыбында ескерткен болатын.

Йени Шафак газеті «Бейбітшілік бұлағы операциясында жай халық және тарихи мұраларға зият тигізілген жоқ» атты тақырып қолданды. Газеттің хабары бойынша Ұлттық Қорғаныс министрлігі Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террористік ұйымы YPG/PKK және ДАИШ-ке қарсы жүргізілген Бейбітшілік бұлағы операцияларында жай халыққа, тарихи және діни мұраларға зият тигізілген жоқ. Министрліктен жасалған мәлімдемеде «Телль-Абяд ауданы мен Расулайн ауданындағы шіркеулер операциядан ықпал көрмеді» делінді.

Стар газеті хабарын «Қазақстан Түркияның инвестиция орталығы бола алады» деген тақырыбымен берді. Газет Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлының 10 қарашада Стамбулда ұйымдастырылатын «Түркия-Қазақстан Бизнес Және Инвестиция Форумы» қарсаңында екі ел экономикалық қарым-қатынастары жайлы жасаған мәлімдемесіне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда елші Сапарбекұлы «Түркия мен Қазақстанның әлеуеттерін бірге пайдалануыз керек. Қазақстан Түркияның керемет инвестиция орталығы бола алады» деді.

Хабар Түрік газеті «Инфляция соңғы үш жылдың ең төменгі деңгейінде» атты хабарға орын берді. Газет жылдық инфляцияның қазан айында 0,7 ұпай азайып, 9,26 пайыздан 8,55 пайызға түскенін жеткізді. Газеттің хабарына қарағанда жылдық инфляция соңғы үш жылдың ең төменгі деңгейіне түсті. Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак «Инфляциямен күресу қадамдарымыз жемістерін беруде» деген мәлімдеме жасады.

Хүрриет газеті «Табиғи газ және мұнайда бес бөлек жерде бұрғылау жасалады» деген тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда  2020 жылы президенттік жылдық бағдарламасы бойынша заңдық жағынан келесі жылы энергия секторына 13 миллиард  864 миллион лира инвестиция салуды мақұл көруде. Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасы теңіз рұқсаты кеңестігі болып, мұнай және табиғи газда 2020 жылы бес бөлек жерде бұрғылау жасалады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар