Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1279396
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Ердоған Вашингтон постқа жазды: Түркия Кашыкчы қастандығын айқындау жұмыстарын жалғастырады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның журналист Джемал Кашыкчы қастандығын айқындау үшін жұмыстарды жалғастыратындарын атап көрсетті. Ердоған АҚШ-тың «The Washington Post» газетіне мақала жазды. Мақаласында Кашыкчының 2018 жылы 2 қазан күні елінің Стамбулдағы бас консулдық ғимаратында өлтірілгеніне назар аударған Ердоған «Кашыкчы қастандығы 11 қыркүйек шабуылдарын назарға алмағанда 21-ғасырдың ең үлкен және ең дау-дамайлы оқиғасы деуге болады. Дегенмен 11 қыркүйек күнгі оқиғадан бері ешбір жағдай халықаралық тәртіпке соншалықты қауіп төндірмеді және әлем қабылдаған заңдарды түкке санамады» деді.

Ватан газеті «Берат Албайрак 3 жылдық Жаңа экономика бағдарламасын жариялады» тақырыпты хабар ға орын берген. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак Жаңа экономикалық бағдарлама жиналысында баяндама жасады. Албайрак Жаңа экономикалық бағдарламаның биылға негізгі тақырыбының «Өзгеріс басталады» екенін жариялады. Жаңа бағдарламада инфляция нысаналары 2019 жылы үшін 12, 2020 жылы үшін 8,5, 2021 жылы үшін 6, 2022 жылы үшін 4,9 пайыз болып белгіленді. Өсу нысанасы болса 2019 жылы үшін 0,5 пайыз, кейінгі 3 жыл үшін бес бестен пайыз болып болжалды.

Хүррийет газеті «ТӘЖ-нан Шығыс Еуропа мен Балкан елдеріне жеңілдік компаниясы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік Әуе жолдарынан (ТӘЖ) Шығыс Еуропа мен Балканға саяхаттайтын жолаушылар үшін билет бағаларында жеңілдік компаниясы бастады. Шектеулі сандағы орындарды қамтитын компаниямен Шығыс Еуропа мен Балкан елдерінде көптеген жерге 119 доллардан басталған бағалармен ұшуға мүмкіншілік береді.

Сабах газеті «Түркия алғашқы 8 айдың ішінде 31 миллионнан астам шетелдік келушіні күтті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның туризмдегі жылдам өсу процесі жалғасуда. Алғашқы 8 айлық мерзімде 31 миллионнан асқан шетелдікке қонақжайлық жасаған Түркия тамыз айында болса алдынғы жылмен салыстырғанда 17,17 пайыз мөлшерінде өсті.

Стар газеті «Түрік Қарулы күштері қару-жарақ қорына отандық лазер қаруы ARMOL’-ды қосты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанккеше әлеуметтік медиа парақшасынан жасаған мәлімдемеде отандық лазер қаруы «ARMOL»-ды қабылдау сынақтарының табысты түрде жүзеге асқанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар