Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1277345
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы сөздері Каппадокия аспанында» деген хабарға орын берді. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпы кеңесінде айтқан «Әлем бестен үлкен» және «Түркия Ислам үмметінің үміті» деген сөздері орын алған плакаттың шетел туристтері көп болған Каппадокияда   баллонда асылғанын жазған.

Йени Шафак газеті «Исламофобияға қарсы теледидар каналы құрылады» атты тақырып қолданды. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Пәкістан премьер-министрі Имран Хан және Малайзия премьер-министрі Махатхир Мохамадпен Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында бас қосқанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Имран Хан кездесуден кейін мәлімдеме жасады. Хан мәлімдемесінде «Президент Режеп Тайып Ердоған және Махатхир Мохамадпен өткізген үштік жиналыста үш ел бірлесе отырып Исламофобияға қарсы күресу және дініміз Ислам жайлы жаңсақтықтарды ретке салу үшін ағылшын тілінде бір канал құруға шешім жасадық» деді.

Хабар Түрік газеті хабарын «2611 шетелдік бір жыл ішінде түрік азаматы болды» деген тақырыбымен берді. Газет Түрік азаматтық заңының атқарылуына байланысты өзгеріс жасалғаннан осы таңға дейін бір жыл ішінде 2611 шетелдіктің түрік азаматы болғанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда бір жыл ішінде АҚШ-тан Ресейге, Канададан Доминик Республикасына, Бразилиядан Коморлар Одағына дейінгі көптеген елден 2611 шетелдік инвестор түрік азаматы болса, отбасымен бірге түрік азаматы болған шетелдік инвесторлардың саны 9 мың  962-ге ұласты.  Аталмыш кезеңде түрік азаматығына өтініш бергендердің саны 3 мың 859-ға көтерілді.

Стар газеті «Америка Құрама Штаттарының Түркия тақырыбында жұмсақ тұғыр ұстанудың себебі» атты хабарға орын берді. Газет мамандардың көзқарасы бойынша АҚШ-тың F-35 соғыс ұшағы бағдарламасында жұмсақ тұғыр ұстанудың себебінің Түркия сынды стратегиялық бір одақтасын жоғалтып алғысы келмеуінде екенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Америка Құрама Штаттарының Орташығыстағы мүдделері үшін Түркиямен тату-тәтті қарым-қатынастар жалғастырғысы келгеніне назар аударған мамандар «Түркия Сирияда Евфрат өзенінің шығысындағы аймақтарда бір қауіпсіз аймақ құру тақырыбында табандылығын көрсетуде. Түркияның S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алуы F-35 үшін бір қауіп. Америкалықтар бұны қаламауда. Сондықтан Вашингтон екі ел қарым-қатынастарындағы дағдарысты азайтуға атсалысуда.

Хүрриет газеті «Әйгілі футболшы Гути Стамбулға көңіл бөлді» деген тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда әйгілі испан футболшы Гутидің кеше Стамбулда болған 5,8 балл күшіндегі жер сілкінісі үшін Стамбул халқының көңілін сұрағанына орын берді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар