Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1258986
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті президент Ердоғанның сөздерін жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған терроризмге қарсы ел ішінде және шекара тысында табысты операциялар жүзеге асырылғанын білдірді.  Сирияда Евфрат өзенінің шығысына байланысты басымдықтарының дипломатия екенін атап көрсеткен Ердоған: «Америка Құрама Штаттарымен келіссөздерде нәтиже ала алмайтын болсақ,  өз жоспарымызды жүзеге асырамыз.  Қарулы,  қарусыз ұшқышсыз әуе көліктеріміз,  тікұшақтарымыз аймаққа жетті.  Жақында құрлық күштеріміз де аймаққа барады» деді.

Хүрриет газеті Энергия министрінің сөздеріне орын берген. Энергия және Табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі мәселесінен еш кері қайтпайтынын айтты.  Түркияның  бұрғы және сейсмикалық кемелерімен аймақта жұмыс істеп жатқанын атап көрсеткен министр: «Шығыс Жерорта теңізі – Түркияның ортақ мәселесі.  Ұлт ретінде біз осы жердеміз» деді.

Ватан газеті «Ресейден екінші S-400 батареяларының жеткізілуі бүгін басталады» деген тақырып қолданған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 12 шілде күні жаңа әуе қорғаныс жүйесінің қондырғыларының жеткізілуі жұмысының басталғанын,  осы шеңберде жұмыстың жалғасып жатқанын мәлімдеді.  Акар «Бірінші батарея келді.  Екінші батареяның да қамдалуы үшін 27 тамыз күнінен бастап тасымал істері басталады.  Мақсатымыз – еліміз бен ұлтымыздың сырттан келетін әуе және зымыран қаупіне қарсы қорғалуы» деді.

Йени Шафак газеті экономика хабарына орын берген.  Түркия Республикасы Орталық банкы өнеркәсіп әлеует қолдану көрсеткіштерін жариялады.  Тамыз айында қолдану әлеуеті алдынғы аймен салыстырғанда 0,4 пайыз артты.  Түркия Статистика мекемесі болса сенім индексі зерттеуін жариялады.  Осыған қарағанда қызмет секторы сенім индексі тамыз айында 6,7, сауда саласы сенім индексі 5,1, құрылыс секторы сенім индексі 6 пайыз көтерілді.

Сабах газеті спорт хабарына орын берген.  Әйелдер арасында волейболдан 2019 Еуропа чемпионаты А тобында Түркия құрамасы Болгария командасын 3-1 есебімен жеңді.  Анкарада болған матчта Түркия үшінші жеңісіне қол жеткізіп, жеңілмеуін жалғастыруда. Түрік құрамасы тобындағы төртінші матчын сәрсенбі күні Франция командасымен ойнайды.



Ұқсас жаңалықтар