Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1225219
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған: Францияның Шығыс Жерорта теңізі туралы сөйлеу құқығы жоқ» деген хабарға орын берді. Газеттің хабарына қарағанда президент  Режеп Тайып Ердоған Францияның Шығыс Жерорта теңізінде болған оқиғаларға байланысты жасаған мәлімдемелеріне орай, «Франция сенің сөз айту құқығың жоқ. Сенің мұндай билігің де жоқ. Су айдындарына байланысты қатысты алаңдар ішіндегілердің айтатын сөздері бар. Кипрге келсек, ол жерде үш кепілгер мемлекет бар (Түркия, Грекия, Ұлыбритания). Бұл елдердің сөйлеу құқығы бар» деді.

Хүрриет «Ердоған: S-400 әуе қорғаныс жүйесінің келер айда тапсырып алынатынын білдірді» атты тақырып қолданды. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның  S-400 әуе қорғаныс жүйесінің келер айда тапсырып алынатынын білдіргенін хабарлады. Газеттің хабарына қарағанда Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топтық жиналысында сөз сөйледі. Ердоған сөзінде «Ресейге сұранысы берілген S-400 әуе қорғаныс жүйесін Құдай қаласа, келесі ай тапсырып ала бастаймыз» деді. Ердоған «S-400 әуе қорғаныс жүйесі мәселесі егемендік құқығымызбен тікелей байланысты және бұдан кері қадам баспаймыз» деп көрсетті.

Сабах газеті хабарын «Түркия өз қорғаныс жүйесін 5 жылда өндіреді» деген тақырыбымен берді. Газет Ирактың солтүстігінде шоғырланған бөлшектеуші террор ұйымына қарсы бастаған Пенче операциясында ұзақ қашықтыққа ататын «Бора» атты зымыранды қолданған Түркияның қыр көрсеткенін жазды. Газеттің хабарына қарағанда мамандардың көзқарастары бойынша 30 жылдан бері зымыран дамытқан Түркия 5 жылда Ресейдің өндірген S-400 әуеден қорғаныс технологияларына ұласады.

Йени Шафак газеті «Орыс полиция қызметкерлері енді Түркияда демала алады» атты хабарға орын берді. Газет Түркия орыс полиция қызметкерлерінің демалуға болатын елдер қатарына енгенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Ресей Ішкі істер министрі Владимир Колокольцев орыс полиция қызметкерлері демалуға болатын елдер қатарына Түркияның енуі үшін шешімге қол қойды. Коммерсант газетінің хабарына қарағанда,  Колокольцевтің шешімімен Ресей Ішкі істер министрлігі қызметкерлері бара алатын елдер қатарына Түркия қосылды.

Хабар Түрік газеті «Ziraat Банкісі ең үздік халықаралық жоба жүлдесін алды» деген тақырып қолданды. Газет Ziraat Банкінің қаржы әлемінде ең үздіктерін марапаттаған «Financial Services Forum Product & Service Innovation 2019»-да ең үздік халықаралық жоба жүлдесін алғанын жеткізген.



Ұқсас жаңалықтар