Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1197241
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Жаңа шешім процесі болмайды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның түрмедегі басшысы мен адвокаттары арасындағы кездесуін бағалады. Ердоған«Шешім процесі деген бір нәрсе мүмкін емес» деді. Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун болса террор ұйымы басшысының адвокаттарымен процедураға сәйкес кездескенін атап «Біздің көзқарасымыз және ойымыз өзгермейді» деді.

Хабер түрік газеті «Түркия Шығыс Жерорта теңізіндегі құқығын қорғауда табанды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия министрлігі Шығыс Жерорта теңізінде Түркия жалғастырған бұрғылау жұмыстарымен байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Түркияның өз континенттік шельфінде жүргізген бұрғылау жұмыстары жайлы аймақтағы және сыртқы актерлер жасаған мәлімдмелердің қабылдануы мүмкін емес» делінді. Мәлімдемеде сейсмикалық және бұрғылау жұмыстарының Түркияның Шығыс Жерорта теңізінде көмірсутек резервтерімен байланысты халықаралық заңдардан туындаған құқығына сүйенгенін атап көрсетті.

Стар газеті «Түрік әскерінің S-400 әуе қорғаныс жүйесі оқу жаттығуы басталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орыс хабар агенттігі «TASS» дипломатиялық бір ақпарат көзіне сілтеген хабарына қарағанда мамыр айының соңында шамамен 100 түрік әскері келісім бойынша 2019 жылы тапсырылатын S-400 әуе қорғаныс жүйесін қолдану үшін Ресейдегі бір әскери базада оқу-жаттығу өткізеді. Оқу-жаттығу жұмыстары 5 айға жалғасады.

Йени шафак газеті «Сусыз егіншілікке жағдай жасайтын жаңалық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Конияда су тапшылығына шешім іздеу мақсатымен іске кіріскен 3 жолдас жеміс-жидекте сусыз егіншілікке мүмкіншілік беретін «Ekobox» шешімін жетілдірді. Ағаш пен көкөніс көшеттерінің, тіршілігі бойынша тек қана 16 литр сумен өсуін және тамырларының топырақтағы су резервтеріне дейін ұласуын қамтамасыз еткен жүйе шөл, тасты топырақ және құрғақ алаңдарға қоса жеміс-жидек пен көкөніс шаруашылығына жағдай жасайды. Өнімге шетелден де үлкен сұраныс бар.

Ватан газеті «Түрік футболшы Озан Кабактың бағасы назар аударды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық спорт зерттеулері орталығының (CIES) бағалауына қарағанда Еуропаның 5 үлкен лигасында аударым (трансфері) құны ең жоғары болған U20 футболшыларының алғашқы 50 тізімі белгілі болды. Тізімде бір түрік футболшы назар аударды. Галатасарай командасынан Германия Штутгартқа 11 миллион евроға жіберілген Озан Кабактың тізімдегі бағасы назар аударды. Тізімде Озан Кабактың құны 20,8 миллион евро болып жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар