Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1196359
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті президент Ердоғанға келген құттықтауларға орын берген.  Президенттік аппараттан алынған хабарға қарағанда, Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас,  Катар әмірі Шейх Темим бин Хамед әл Сани және Ирак президенті Берхем Салих президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалды.  Лидерлер телефон әңгімесінде президент Ердоғанның ораза айын құттықтап,  осы айдың Ислам әлемі мен бүкіл әлем үшін қайырлы болуын тіледі.

Стар газеті «S-400  - Түркия үшін стратегиялық қадам» атты хабарға орын берген. Қорғаныс және қауіпсіздік маманы Юсуф Алабарда Түркияның Ресейден алатын S-400 әуе қорғаныс жүйесінің Сириядан Шығыс Жерорта теңізіне,  Эгей теңізінен Дарданель және Босфор бұғаздарына дейін көптеген жерде ықпалды болатынын айтты.  Алабарда әуе қорғаныс жүйесі арқасында осылайша Түркияға қарсы қалыптасатын қадамдардың жойылатынын атап көрсетті.

Хабер Түрік газеті «Солтүстік елдерден келген турист саны артуда» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Анталия мен Алания солтүстік елдер үшін туризм тұрғысынан маңызды орталыққа айналды.  Биылдың алғашқы төрт айлық көрсеткіштеріне қарағанда Швециядан Анталияға келген турист саны 42 пайыз артты,  Норвегиядан келген турист саны 87, Даниядан келген турист саны 18, Финляндиядан келген турист саны 14 пайыз артты.  Сонымен бірге туризм саласы өкілдері жылдың алғашқы төрт айына қарағанда Түркияның 2019 жылы турист санында қайтадан рекорд жаңартатынын айтуда.

Хүрриет газеті бордың пайдасына орын берген.  Афион Кожатепе Университеті Ветеринарлық факультеті оқытушылары Доц. Др. Мұстафа Кабу мен Доц. Др. Реджеп Кара «бор қосылған азық-түлік өнімдері» бойынша бес жылдан бері зерттеу жүргізуде.  Зерттеу нәтижесінде сүт, ірімшік,  йогурт, қаймақ, шұжық секілді ет және сүт өнімдерінің қолдану мерзімі 20 пайыз созылып,  өнімнің адам денесіне пайдасы арта түсті.

Ватан газеті қағаз секторынан бір хабарға орын берген.  Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк 19 жылдан кейін қайтадан қызметін бастаған Балыкесир SEKA зауытының қалдық қағаздан өндіріс жүргізгенін білдірді.  Жеке меншік саладан 140 миллион евролық инвестиция салынғанын айтқан министр Варанк «Осы инвестиция арқасында жылдық 150 миллион долларлық импорттан құртыламыз және қағазды өз елімізде өндіретін боламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар