Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1195710
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «НАТО мен Түркиядан бірінен соң бірі S-400 мәлімдемесі» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда НАТО Бас хатшысы Йенс СтолтенбергРесейден S-400 сатып алумен байланысты «Әскери жабдықпен қамтамасыз ету тақырыбы елдердің ұлттық шешімдері болып табылады» деп мәлімдеді. Вице-президент Фуат Октай болса «S-400 әуе және зымыран қорғаныс жүйесімен байланысты шешім қабылданды. Түркия бір келісімге қол қойған соң, берген уәдесін орындайды» деді.

Хабертүрік газеті «Министр Хулуси Акардың Кипр мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркияның Шығыс Жерорта теңізі мен Эгейде халықаралық заңдардан туындайтын құқығына қоса кепілгер ел болғаны себепті Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) халқының құқығын да әрқашан қорғауға және заңсыздыққа рұқсат бермеу тақырыбында табанды екенін атап көрсетті. Акар Грекия лауазымдыларының Эгей мен Шығыс Жерорта теңізіне бағытталған мәлімдемелері жайлы ақылшыл болуға және ынтымақтастыққа шақырды. Акар Түркияның ұлттық заңдары мен мүдделерін ықпалды, бас тартқызатын және абыройлы ұлттық күшімен қорғауға дайын екенін де атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Кушадасында Круиз берекесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Голландия мен Мальта текті екі круиз кемесі 3 мың 560 жолаушысымен кеше Айдынның Кушадасы ауданына аялдады. Эге портқа аялдаған Мальта байрақты «Celestyal Crystal» және Голландия байрақты «Koningsdam» атты кемедегі туристтерді ұлттық би топтары қарсы алды. Көпшілігі АҚШ-тық болған туристтердің кейбіреулері тур автобустарымен Эфес ежелгі қаласы, Мариям Ана және басқа тарихи орындарды аралауға барса, тур бағдарламаларына қосылмаған жолаушылар да қала орталықтарын аралады.

Йени Шафак газеті «Кептірілген өріктен алғашқы 4 айдың ішінде 84 миллион долларлық экспорт жасалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлем кептірілген өрік өндірісінің 85 пайызы қамтамасыз етілген Малатия қаласынан жылдың алғашқы 4 айында 33 мың 910 тонна кептірілген өрік экспорттап, 84 миллион 710 мың 900 доллар табыс түсірілді. Қалада өткен жылдың алғашқы 4 айында 29 мың 868 тонна кептірілген өрік экспортталып, 85 миллион 933 мың 507 доллар шетел валютасы кірісі жасалған болатын.

Сабах газеті «Джүнейт Чакыр Ливерпуль-Барселона матчына төрешілік жасайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ертең (7 мамыр сейсенбі) күні Ливерпуль мен Барселона арасында ойналатын Футболдан чемпиондар лигасы жартылай финалы матчын түрік төреші Джүнейт Чакыр басқарады. Ұлыбританияның Ливерпуль қаласындағы «Anfield Road» стадионында Түркия уақытымен сағат 22.00-де басталатын матчта Чакырға түрік төрешілер Бахаттин Дуран мен Тарык Онгун көмектеседі.



Ұқсас жаңалықтар