Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркиямен байланысты аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

985109
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «F-35 соғыс ұшақтары үшін Түркияға ресми шақыру жасалды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Түркияның РесейденS-400 әуе қорғаныс жүйесі зымырандарын сатып алуы АҚШ-тық сенаторлардың наразылығын туғызып, F-35A соғыс ұшақтарын (Joint Strike Fighter) Түркияға беру шешіміне қарсы шыққан еді. Бірақ АҚШ F-35A соғыс ұшақтарының алғашқысын 21 маусым күні Түркияға беру үшін түрік мекемелеріне ресми шақыру жасады.

Ватан газеті «Шимшек: Шетелден инвестиция келе бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда экономикаға жауапты вице-премьер Мехмет Шимшек жекеменшік бір телеарнада шетелде инвесторлармен болып өткен жиналыстардың артынан қаржы ағысының басталғанын атап көрсетті.

Хабартүрік газеті «Бодрум жағалауына турист ағыны» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресей, Украина, Швеция және Норвегия сияқты мемлекеттерден бейсенбі күнінен бастап, Бодрумға келген шамамен 4 мың турист жағалауларды толтырды. Ауаның температурасы 32, теңіз суы жылуы 20 градус болған Бодрумда туристтер қайықтармен көгілдір турға барады.

Сабах газеті «Justinianus көпірі ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының уақытша тізіміне енді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сакарияның бұрынғы тарихи мұраларының бірі, Аясофия мұражайымен бірдей кезеңде салынған Justinianus көпірі БҰҰ Оқу, ғылым және Мәдениет Ұйымының (ЮНЕСКО) Әлемдік мұра нысандарының уақытша тізіміне кірді.

Стар газеті «Түркия инвесторлар үшін жұмақ сияқты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Иран-Түркия Сауда палатасытөрағасы Риза Ками Түркияның инвесторлар үшін «жұмақ» екенін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар