Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

983596
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Йылдырым Манбидж жөнінде мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Газет премьер-министр Бинали Йылдырымның Гиресунда Манбидж туралы мәлімдеме жасағанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Йылдырым «Сирияның Манбидж қаласы тақырыбында проблема шығарғандар енді отырып сөйлесейік дейді» деді.

Стар газеті «TANAP жобасы аяқталуға аз қалды» атты тақырып қолданған. Газет Түркияның энергия қажеттілігіне үлес қосатын Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі TANAP жобасының аяқталуға аз қалғанын мәлімдеген.

Ватан газеті хабарын «Турист саны 32 пайыз артты» деген тақырыбымен берген. Газет 2018 жылының қаңтар-сәуір айлары маусымында Түркияға келген шетелдік турист санының 2017 жылының бірдей маусымымен салыстырғанда 32,55 пайыз артқанын жазды. Газеттің хабарына қарағанда Түркия шетелдік турист санында 2018 жылының қаңтар-сәуір айлары маусымында 2017 жылының бірдей маусымымен салыстырғанда 32,55 пайыз, сәуір айында болса 2017 жылының бірдей маусымымен салыстырғанда 28,27 пайыз арту деңгейіне ұласты. Осы жылдың алғашқы 4 айлық бөлімінде 7 миллион 783 мың 967 шетелдік турист күтіп алған Түркияға сәуір айында 2 миллион 655 мың 561 шетелдік турист келді.

Стар газеті «ASELSAN-ның әскери жасақтар үшін дамытқан ASYA міндет атқаруға дайын» атты хабарға орын берген.  Газет әскери электроника өнеркәсібі ASELSAN-ның әскери жасақтары үшін дамытқан жүру, жүгіру, аттау және секіру сынды физикалық перформансы күшті , әртүрлі жүк тасымалдай алатын   ASYA-ның   міндет атқаруға дайын екенін баяндаған.

Йени Шафак газеті «Түрік көкөністері Ресейге сатылуда» деген тақырып қолданған. Газет Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың қалыпқа түсумен түрік көкөністерінің Ресейге сатылғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ресей нарықтарымен бірге ел көлемінде көкөніс экспорты 2018 жылының алғашқы төрт айында 2017 жылының бірдей маусымымен салыстырғанда мөлшермен 160 миллион доллар артты.


Этикеттер: #Стар газеті , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар